Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кәсіби музыканттарды даярлау ісін жүзеге асырып келеді. Еуропа мен Ресей консерваторияларымен салыстырғанда, бұл - мардымсыз жас, әйткенмен, мәнді де маңызды оқиғаларға байлығы мен даму қарқыны тұрғысынан оның тарихы тұтас дәуірге барабар. Өйткені онда тұңғыш шығармашылық жоғары оқу орнының, күллі кәсіби музыкалық білім беру жүйесінің қалыптасуы ғана емес, сонымен бірге, елдің – әуелі Қазақ КСР-і, одан кейін егеменді Қазақстанның тарихы да тұнған.
Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендікке жетуімен консерваторияға «Қазақ ұлттық жоғары оқу орны» мәртебесі берілді. Осылайша музыкалық білім берудің бәсекеге қабілетті қазақстандық үлгісін жасау міндетінің жаңа сапалық деңгейі белгіленіп, аталмыш жоғары оқу орны мемлекеттің мәдени және саяси басымдықтары қатарына жатқызылды