2024 жылы біз өз қызметімізді жаңа деңгейге көтеріп, жаңа халықаралық байланыстар орнатып, серіктестіктерімізді нығайту арқылы маңызды жетістіктерге қол жеткізу үшін елеулі қадамдар жасадық. EA Group, Болат Өтемұратов қоры және VISA секілді стратегиялық серіктестеріміздің қолдауының арқасында бұрын бастаған жобаларды сәтті жалғастырып, оларды кеңейтуге, сонымен қатар жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық.
Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі - BATYR LAB 2024 Empowered by VISA білім беру бағдарламасының іске қосылуы болды. Алғаш рет 2021 жылы бастау алған бұл жоба қазақстандық танымал сарапшылар мен менторларды біріктіріп, музыканттарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, кәсіби дамуға және өз аудиториясын табуға жағдай жасайтын ерекше орта қалыптастырды. TicTac брендінің арқасында осы жылы жобаға украиндық әртіс Иван Дорн тәлімгерлік етті.
Біз 2020 жылдан бері жасап келе жатқан BAYSA аудиоподкасты биыл жаңа форматта ұсынылды, яғни үшінші маусым әңгімелесу форматына ауысты. Жүргізушілер, Наргиз Шөкенова мен Айсұлу Тойшыбек, тәуелсіз Қазақстанның музыкалық құбылыстарын талқылап, отандық музыкалық мәдениеттің тарихы мен бүгінгі күнін жаңаша қырынан қарастырады.
Көп жылдық зерттеу жұмысының маңызды нәтижесі «91−23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» атты кітаптың шығарылымы болды. Бұл бірегей туынды музыканың 30 жыл ішінде еліміздің мәдени ландшафтын қалай бейнелеп, қалыптастырғанын зерттейді.
Біз де Батырхан Шөкенов жайлы естеліктерді сақтау жұмыстарын жалғастырдық. Биыл әртістің туған күніне орай біз Батырхан Шөкеновтің сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттерінің көрмесін ұйымдастырдық, ол Batyr x KazakhYuvelir зергерлік бұйымдар топтамасының тұсаукесеріне орайластырылған болатын.
Aviasales.kz сайтымен серіктесе отырып, біз Алматы қаласы бойынша ерекше қалалық маршрутты іске қостық. Бұл маршрут аты аңызға айналған әртістің өмірі және шығармашылығымен тығыз байланысты орындарды қамтиды.
Біздің команда баспа және зерттеу саласындағы қызметін дамыту, заманауи форматтарды іздестіру және халықаралық серіктестермен байланыстарды нығайту жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жыл — біздің барлық жобаларымыз үшін ауқымды кеңейту мен кәсіби даму жылы болды деп мақтанышпен айта аламыз.