Қолдауымен
Подкаст сипаттамасы
Qazaq Roses — бүгінгі күннің призмасы арқылы біздер - заманауи қазақ әйелдері пайымдаған бес қазақ әйелінің тарихы. Подкасттың кейіпкерлері — Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Гүлфайрус Исмаилова, Хадиша Бөкеева және Роза Бағланова. Олардың барлығы өз пәнінде әрқайсысы елеулі із қалдырған көрнекті өнер қайраткерлері. Ал мұның артқы жағында - әйелдің турбулентті ХХ ғасырдағы тәжірибесі. Зерттеуші Камила Смағұлова олардың өмірбаянын егжей — тегжейлі зерттеп, Олар - қазақ раушандары кімдер? деген сұраққа жауап беруге тырысты
Эпизодтың басындағы және соңындағы мәтінді Жанна Қапассова дыбыстады
Звукорежиссер
Қазақ тіліндегі мәтіндердің редакторы
Аудармашы
Аудармашы
Композитор
Идея продюсері және авторы
Жанна Қапасова
Қамшат Әбдірайым
Константин Кохан
Ақбота Исләмбек
Қуаныш Жұбандык
Friedrich Schegirtke
Ақмарал Мерген
Наргиз Шөкенова
Айсұлу Шәкенова
Мұқаба дизайны
Qazaq Roses подкаст командасы
Жоба менеджері
Камила Нарышева
Подкасттың қазақ тіліндегі редакторы
Мәтін авторы және подкаст жүргізушісі
Айдана Сұлтан
Камила Смағұлова
Мәтін және подкаст редакторы
Айсұлу Тойшыбек
Қазақ тіліндегі мәтіндердің редакторы
Сонымен, Күләш Байсейітова – музыкалық театр сахнасында қазақ және шетелдік туындылардағы жетекші партиялардың тұңғыш орындаушысы. Қазір бұл театр Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры деп аталады, десе де алматылықтардың басым көбінің жадында ГАТОБ болып қала берді.

Күләш табиғатында әйел адамға тән ең жоғары дауыс – лирикалық-колоратуралық сопрано дауысына ие еді. Ал 24 жасында ол КСРО халық әртісі беделді атағын алды. Күләштің өміріндегі бұл деректерден көпшілік хабардар, бірақ оның интернаттағы өмірі, қызының өлімі, үстінен домалаған арыздар, жолдасының сатқындығы, сезімін сарқыған жұмыс жылдарынан тұратын ауыр тағдырының бір парасы айтылмай қала берді.


Күләш Байсейітованың шын есімі – Гүлбахрам Жасынқызы Бейісова. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. Алайда туған күні ресми түрде 2 мамыр деп жазылған, ал отбасы әншінің туған күнін үнемі 12 қаңтарда атап өткен екен.

Өмірбаяны туралы тағы бір дерек, яғни әншінің туған жері де көптеген уақыт бойы талқыға салынып келді. Ресми дерек бойынша, Күләш Байсейітова сол кезде Верный деп аталған, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. Бірақ шынында, ол Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жаңаорталық ауылында дүние есігін ашқан. Қазір бұл ауыл Нарманбет деп аталады.
Екінші дереккөз – өмірбаяншылар, дегенмен олар да халық әртісінің өмірі туралы естеліктер жоқтың қасы дейді. Бүгінде қолымызда бар деректердің қатарында 2012 жылы әртістің туғанына жүз жылдығына орай профессор әрі мәдениеттанушы Ақлима Омарова жинаған жекелеген мақалалар мен жазбалар, сондай-ақ жазушы Сара Латиеваның Күләш Байсейітоваға арнаған «Бұлбұл» эсселер жинағы бар. Кітап Латиеваның өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Күләштің замандастарымен, әріптес-дос-жарандарымен жүргізген жеке әңгіме-сырларынан тұрады.

Зерттеуші Айнаш Керней «Бұғауды бұзған қазақ даласы» кітабында өткен ғасырда көптеген әдебиеттің, соның ішінде қоғам қайраткерлерінің өмірбаяндарының сақталуына қуғын-сүргін мен отаршылдық саясат тұсау болды деп жазады. Осы себептен болар, Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығы туралы бізге жеткен дерек көп емес. Алайда Күләштің қыздары – Қарлығаш пен Раушан Байсейітовалардың анасы туралы есінде қалған естеліктер баршылық.

Бұл эпизодты дайындау үшін біз екі дереккөз тобымен жұмыс істедік. Оның біріншісі, атап өткеніміздей, әншінің отбасы, балалық шағы және өмірден өтуі туралы естеліктерді есінде ардақтап сақтаған қыздары Қарлығаш пен Раушан еді. Олардың отандық арналарға берген сұхбаттары Күләш туралы бірден-бір түпнұсқа деректер.

Күләш Байсейітова, дау жоқ, қазақ опера өнерінің бастау бұлағы. Опера және балет театрының әртісі, қоғам қайраткері әрі депутат. Оның кәсіби жолының басталуы жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ даласындағы мәдени төңкеріспен тұспа-тұс келді. Түптеп келгенде, Күләш Байсейітованың өмірбаяны – Қазақстан тарихының жаңа дәуірінде ғұмыр кешкен әйелдің тарихы.

Өз заманының озық әртісі Күләш Байсейітованың ғұмыры 45 жасында кенеттен үзілді. Өмірден ерте кеткендіктен, ол туралы деректер көп емес, көзі тірісінде естелік жазып, жариялауға да үлгермеді.
Балалық шағы

Күләш

Күләш
Байсейітова
Театрдағы жұмыс, Айман мен Жібек рөлдері

Күләш деген кім және неліктен біз ол кісі туралы сөз қозғап отырмыз?
1933 жылы басқа театрда, яғни кейін ГАТОБ атанған музыкалық театрда жас әртістерді даярлайтын курстар ашылып, оған Күләш та жазылады.

Музыкалық театрдың алғашқы қойылымдарының бірі – Мұхтар Әуезовтің либреттосына және Иван Коцыктың музыкасына жазылған «Айман Шолпан» комедиясы болды. Айманның рөлін труппаға енді қосылған Күләш сомдады. Бұл музыкалық комедия оның мансап жолындағы ең маңызды кезең екені рас.

Жалпы, отыз үшінші жыл көрнекті жұмыстардың көзайымына айналды. Еңлік пен Айман рөлдерінен бөлек, Байсейітова Брусиловскийдің музыкасына, Ғабит Мүсіреповтің либреттосына жазылған «Қыз Жібек» операсында Жібектің партиясын орындады. Бұл қойылым 1934 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде көрерменге жол тартты, содан кейін музыкалық театр опера және балет театры деген мәртебеге ие болса, Байсейітова КСРО Халық әртісі атағын алды.

Күнделігіндегі бірлі-жарым жазбаларында Күләш 1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылғанын жазады. Сол жылдары ол Қызылордадан Алматыға жаңа қоныс аударған еді. Бүгін ол Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театр деп аталады. Әртіс алғашқы жылдары репертуары жұтаң, ал театрдың өзі аралас, яғни драмалық және музыкалық болғанын жазған.

Күләштің жұлдызын жаққан қойылым 1933 жылы болды. Бұл Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған «Еңлік Кебек» пьесасы еді. Күләш бас кейіпкер Еңлікті сомдап, симфониялық оркестрмен өнер көрсеткен тұңғыш қазақ қызына айналды.


Ғабит Мүсіреповтің Байсейітоваға арнаған «Чудо» атты шағын мақаласында әншіні өз үйінде еркелетіп Гүләш деп атаған деп жазады. Бұл еркелеткен есім кейін орыс тілінің фонетикасына сай құбылып, Күләшқа ауысып, оның сахналық есіміне айналады.

Күләштің балалық шағы туралы дерек өте аз. Мектеп жасына жеткен Күләшті балалар үйіне бергені белгілі. Кейін анасы қызын балалар үйінен алып кеткенімен, 12 жасында Гүлбахрамды Алматыдағы интернатқа береді. Ол интернаттағы оқуын аяқтамаған: 15 жасқа толғанда педагогикалық техникумға оқуға түседі.

Осындай үлкен ауқымдағы әртістің шыққан тегі қалалық, астаналық болуы маңызды болған деген нұсқа да бар. Тағы бір деректерде Күләштің дауысын алғаш рет естіген Иосиф Сталин оны қай жердің тумасы деп сұраған екен, ал сол кезде Қазақстанда қызмет еткен Левон Мирзоян Күләш алматылық деп жауап берген көрінеді деп айтылады. Содан туған жері Алматы деп аталып кеткен. Ғалым Қабылсаят Әбішев аудандар мен облыстардың әкімшілік шекарасының өзгеруі осындай кереғарлық тудырған деп дәйектейді.

Әншінің әкесі – Жасын Бейісов етікші болған. Анасы Зибажан кір жуатын орында істеген. Замандастарының сөзінше, әншінің әкесі Балуан Шолақпен және әнші Әсет Найманбайұлымен таныс болыпты, өзі де бойына өнер қонған кісі, ән мен жырдан құр алақан болмаған.

Күләш Байсейітованы жерлегеннен кейін көп ұзамай Қанабек Байсейітов үшінші рет үйленеді. Күләштің үлкен қызы Құралайға анасының өлімі ауыр соққы болды. Ғабит Мүсірепов Сара Латиеваға берген сұхбатында анасының қазасынан кейін Құралайды Мүсілім Магомаевтың отбасы бірнеше айға қонақ болуға шақырғанын еске алды. Құралай анасының қазасынан кейін 17 жыл өткенде отыз бес жасында дүниеден өтеді.

Қарлығаш Байсейітова 2012 жылы «Караван» газетіне берген сұхбатында әншінің пәтерінде мұражай ашу туралы Күләштің туған-туыстарының өтінішіне Дінмұхамед Қонаевтың құлақ аспағанын айтқан еді. Әншінің отбасы Шевченко мен Абылай хан көшелерінің қиылысындағы пәтерді сатып алып, өздері мұражай ашпақшы болған, алайда мүліктің құнын қалталары көтермей, ойлары іске аспай қалады. Бүгінде Алматыдағы музыкалық мектеп пен Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы көшелер Күләштің есімімен аталады, ал 2021 жылы «Астана Опера» театрындағы камералық залға әншінің есімі берілді.

Дидар Қасымова Сталиннің билігі жүріп, жеке тұлға мен қоғамдық келбет қатаң бақылауда болған кездің өзінде Күләш бірегей үлгілер мен образдар қалыптастырып, өз замандастарына жеткізе білді деп жазады. Күләш құқығынан айырылған халықтың Ұлы Қазан төңкерісінен кейін ерікке ие болғанын, ал өзі қазақ әйелдері туралы айтуға мүмкіндік алғанын еске алады. Бір айта кетерлігі, кеңес заманындағы ғылыми еңбектерде Күләштің есімі Жамбылмен бірдей аталған жалғыз әйел еді.

Атақ-даңқы жер жарып тұрса да, Күләш асыл қазақтың кімдігіне (идентичность) адал болып қалды. Пуччинидің Мадам Баттерфляйын, Чайковскийдің «Евгений Онегиніндегі» Татьяна, Рубинштейннің «Жын» операсындағы Тамараның партиясын тұңғыш рет қазақ тілінде Күләш орындады.
1956 жылы Мао Цзэдунның шақыруымен Күләш Құрманғазы оркестіремін бірге Қытайға баруы керек еді, бірақ оның сәті түспеді. Алты әріптесі әншіге қарсы партияның Орталық комитетіне арыз жазып, Күләшті ішімдік ішіп, сейіл құрады деп айыптайды. Мүсірепов Латиеваға берген сұхбатында Бейжіңге Күләштің орнына оған қарсы арыз жазғандардың барғанын тілге тиек етеді. Алайда аты-жөнін айтпапты. Қанабек Байсейітов естелігінде Күләштың мұндай масқараға төзгенше, өлген артық деп налығанын еске алады.

1957 жылдың маусымында Күләш Байсейітова татар өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында Мәскеуге концертке аттанады. Бұл Күләштің соңғы сапары еді: 6 маусымда халық әртісі Күләш Байсейітова қырық бес жасында қонақ үй бөлмесінде көз жұмады. Ресми нұсқада оның миына қан құйылған.

Күләш көркемдік жетекшілер мен редакторларды қазақ тілін жетік түсінбей, жаңашылдықты желеу қылып, мәтіндерді қысқартуға тырысқаны үшін сынаудан қорықпады.

Сахналық мансабымен қатар Байсейітова қоғамдық-саяси қызметті де қатар алып жүрді: әнші бірнеше рет КСРО Жоғары кеңесінің депутаты атанды. Оның мұндай жетістігіне көз алартып, көңіл тарылтқандар Кеңес Одағында жиі кездесетін.

Күләштің жары — қазақ кеңес режиссері, драматург, актер Қанабек Байсейітов әншіден жеті жас үлкен еді. Қанабектің өзі жас айырмашылығына байланысты әу баста Күләштің өзіне ағасындай қарағанын айтқан. Бір қызығы, болашақ жарымен танысқанға дейін драматург әншінің ағасы Айтбектің үйінде тұрып, соның арқасында танысқан екен. 1929 жылы Күләш институттан кетіп, қазақ драма театрына қойылым көруге жиі барып тұрады. Дәл сол театрда Күләш пен Қанабектің махаббат хикаясы бастау алады. Олар 1933 жылдың 23 ақпанында бас қосты. Ол кезде Қанабек әкесімен және бірінші некеден туған ұлы Алдабекпен тұратын. Бес жасар Алдабек Күләшті жатсынбай, бірден мама деп атай бастайды.
Қанабек Байсейітов Күләштің арқасында әулетінің тегі тек Қазақстан мен КСРО-ға ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі болғанын еске алады. Театрда Байсейітов әйелінің атақ-даңқын пайдаланады деген сыбыс болды, бірақ Күләш үнемі жарын жақтайтын.

Әлбетте, әртістің жанына Бейімбет Майлиннің либреттосына жазылған Евгений Брусиловскийдің «Жалбыр» операсындағы Хадиша рөлі жақын болды. Күләш операда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейінгі кезең толық бейнеленгенін, ал өзі Хадиша бейнесі арқылы сол жылдары өмір сүрген барлық әйел затының қайғы-қасіретін көрсете алғанын айтқан екен. Дәурені жүріп тұрған байлардың Хадиша сияқты қыздардың жауы болғанын, езілген қазақ әйелінің наразылығын көрсетудің маңызы зор екенін сөз еткен. Алайда саяси оқиғаларға қатысты болғаны сол жылдары «Жалбыр» операсының танымал болуына жол бермеді.
«Ер Тарғын» операсындағы Ақжүністі Күләш сұлу әрі нәзік деп сипаттаған.

Десе де бұл рөл оған оңайға соққан жоқ, хан қызының образы бойында қарсылық тудырып, көңіліне жақпағаны рас. Ол Ақжүністі арамза, зұлым деп атаған. Дегенмен, бұған қарамастан, бұл опера қазақ операсының нық тұрып, қалыптасу жолындағы алғашқы опералардың бірі ретінде Күләш оны мақтан тұтқан. Музыкалық театрдың гастрөлдік сапарларында операны Ленинград сахнасында қояды, бірақ «Жалбыр» сияқты ол да кеңестік цензураға ұшырап, сирек қойылады.

Әйелдерге деген жанашырлық пен салиқалы қатынас әртістің сахнадағы рөлдерімен ғана шектелген жоқ. Күләш «Біржан-Сара» операсының атауында Сараның есімі аталуына бірден бір себепкер болған жан. Бұл туралы халық әртісі Байғали Досымжанов сабақтайды. Әуел баста операның авторы Мұқан Төлебаев оны жай ғана «Біржан» деп атамақ болған. Бірақ Күләш Сараның да есімін қосуды ұсынады, себебі Сара да Біржаннан бір мысқал кем емес аты елге танылған ақын, домбырашы еді.

Бұл тәжірибе кейінірек қазақ халқының дәстүрі мен еуропалық опера өнерінің синтезі деп аталды.

Бірде гастрөлдік сапарда Күләштің қызуы қырық градусқа дейін көтеріліп, ауырып жатып қалады. Оның жары – Қанабек Байсейітов биші Шара Жиенқұловадан «Қыз Жібектің» кезекті қойылымында Күләштің орнына өнер көрсетуін өтініп сұрайды. Шара естелігінде «би билеп жатқан кезімде аяғына пима киген Күләш сахнаға шығып, рөлін өз сомдайтынын айтты» деп еске алады. Сырқаттанып тұрғанына қарамастан бәрін еңсеріп, өнерін ортаға салған екен.

Ақлима Омарованың жинағында жарияланған күнделіктерінде Байсейітова өзі сахнада сомдаған батыр әйелдерді еске алыпты. Кеңес әйелі ретінде ол әділетсіздікке қарсы тұрып, өз еркіндігі үшін күрескен батыр әйелдердің өмір тарихын ұнатқан. Кейде Күләшқа бүкілодақтық даңқ әкелген Жібек рөлі оның жанына жақын болмағандай көрінеді.

Әрине, Күләш өзінің сирек кездесетін музыкалық қабілетін қатаң тәртіп пен өз ісіне деген адалдығы арқылы қылыштың жүзіндей қайрап, шыңдады. Кейбір зерттеушілер әншінің бұл қасиетін әскердегідей қатаң тәртіпке бағындырған интернаттық өмірден алған тәжірибесімен байланыстырды.

«Мен өксіп жылап, рөлді жан дүниемнен өткеретінмін, егіліп шын жылайтынмын. Бірақ бұл менің көңіл-күйімді одан сайын нашарлатқан екен», – деп жазыпты Күләш. Ол мұны «натурализмді көмкерген кездеме» немесе рөлге шамадан тыс кіру деп атады.

Күләш образға жан-тәнімен кіріп қана қоймай, көп уақытын мәнмәтінге үңілуге арнады. Мысалы, «Қыз Жібек» операсындағы әйгілі рөлі үшін Күләш Ыбырайдың лирикасын зерттеп, Ақан Серінің, Біржан Салдың орындауындағы жырларды тыңдап, заманауи әрі ұлттық нақыштағы дыбыстармен эксперимент жасады.
Алайда Күләштің шығармашылығында тамаша табысқа ие болғанымен, оған драмадан операға өту оңайға соқпады. Әншінің пікірінше драма театрының да, операның да әртістері үшін: талант, шеберлік және музыканы терең сезіну дейтін үш қасиет өте маңызды. Өзі осы аталған үш қасиеттен бөлек, адалдықты да жоғары қойды. Күләш театр әртістерін өз ішіне үңіліп, ой елегінен өткізбейді, қателерімен жұмыс істемейді деп сынаған. Көп жағдайда ол мұны театр сыншылары мен актерлердің арасында кері байланыстың болмауымен түсіндіреді. Күләш әртістің пісіп-жетілуіне, шеберлігін шыңдауына сынның өз септігін тигізетініне сенімді болды. Бірақ әртіс бәрінен бұрын өз-өзіне қатал болып, кейде техника жетпейді деп өзін сынаған да кездері болды.

Домалақ арыздар және соңғы концерт
Мұрасы

Жеке өмірі мен балалары

Цензура және әйелдермен ынтымақтастық

Тәртіп пен жоғары шеберлік

Алайда Күләш дүниеден өткен соң оның замандастары шын мәнінде екеуінің некесі оңай болмағанын, Қанабек жарына опасыздық жасағанын, ал Күләш іштей жалғыз-жарым күй кешкенін ашық жазады.
1938 жылы Байсейітова тұңғыш қызы Құралайды дүниеге әкелді. Ғабит Мүсіреповтің жазуынша, сәбидің есімін Мұхтар Әуезов қойған екен. Күләш пенҚанабектің – Құралай, Қарлығаш және Қаршыға есімді үш қызы болған. 1947 жылы бес жасында кіші қыздары Қаршыға балабақшада уланып қайтыс болады. Бұл Күләш үшін ауыр соққы болды. Дәл сол жылы Күләштің сіңілісі Рая қыз босанып, оны Күләш пен Қанабек бауырына басады. Қыздың есімін Раушан деп қояды.
1952 жылы ұлдары Алдабек қапада қаза табады. Бұл оқиға да Қаршығаның өліміндей Күләштің жанына қатты батады. Алайда өмірдің осындай ащы сынағына қарамастан, Күләш сахнаға шығуын тоқтатқан емес. Театр труппасының жетекшісі ретінде әртістер үшін қолынан келгеннің бәрін жасады.

Алайда Баймолда сүйікті қызын көрші ауылға тығып қойып, күйеуге беруден бас тартады. Көп ұзамай осы оқиғадан кейін Жиенқұловты қудалау басталады. Баймолда төңкеріске дейін саудагер болғандықтан, оның отбасын да қуғын-сүргін айналмай өтпеді: 1927 жылы отбасының дүние-мүлкі тәркіленіп, өзін түрмеге жабады.
Отбасын асырау жүгін Шара жалғыз өзі арқалайды. Ол хатшы, есепші, машинист, кондитер фабрикасының қызметкері болып жұмыс істейді, милиция бөлімшесінде құжат та аударатын.

1920 жылдың соңында кеңестік жергіліктендіру саясатының аясында жергілікті халықты маңызды қызметтерге тағайындау басталды. Осылайша, қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін, ұлты қазақ Шара Қазлеспром басшысының орынбасары болады. Тұрақты табыс жас қызға сейіл құруға, жақсы киінуге мүмкіндік берді. Алматыға Қазақ драма театры концертпен келгенде Шара опера әншісі Құрманбек Жандарбековты байқайды.

Барша қызды таңдай қақтырған Құрманбектің де Шараға көзі түседі. Ол қызды биге шақырып, жиі кездесіп жүрген екеуінің арасында ғашықтық оты лаулайды.

Көптің арманына айналған бойжеткенге Қытай консулының ұлы да, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі, Түрксіб инженері Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы – Ескендір Тынышпаев та құда түседі. Құрманбек Шарадан демде айрылып қалуы мүмкін екенін түсініп, Шараның келісімімен, достарының көмегімен оны алып қашуға бел байлайды. Шараның анасы Тыныбала Құрманбектің бұрын отбасылы болғанын меңзеп, бұл некеге қарсы болған [Жиенқұлова, 1983, 23 б]. Алайда сол кезде абақтыда отырған Баймолда екеуіне ақ батасын береді. Шара мен Құрманбек 1929 жылы шаңырақ көтерді.

Шараның шығармашылық жолы 1928 жылы басталған, оған Құрманбек те үлес қосты.


Қыста Жиенқұловтар отбасы қалада тұрса, ал жазда жайлауға қоныс аударатын. Қазақ бишісі жайлауға барғанда тұңғыш рет кейін өзінің тағдырына айналатын халық биін тамашалайды. Әкесі қызының болашағына бей-жай қарамай, Шараның молдадан хат танығанын құп көреді. Баймолда қызының орыс тілінде білім алуына қарсы болса да, өзінің туысы Сұлтан Жиенқұловтың қолқасымен оны жалпы білім беретін орыс мектебіне береді. Шара әкесі қалағандай діни білімді қатар алып жүріп, тоғыз сыныптық мектепті жеті жылда үздік тәмамдайды.

Он бес жасында ол Қазақ-қырғыз педагогикалық институтына оқуға түседі. Сол жерде биші қыз беделді адамның көзіне түседі, десе де өз естеліктерінде Шара ол кісінің есімін атамаған, алайда ол жас қыздың және оның отбасының өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ер адам Шараны тоқалдыққа алмақ болған.

Шара Жиенқұлова – кеңестік Қазақстандағы қазақ биінің негізін салушы. Театр әртісі, биші және хореограф ретінде ол төл мәдени төңкеріс жасады. Алайда Шара Жиенқұлованың үлкен сахнадан тыс өмірі сынаққа толы еді: әкесінің тұтқындалуы және қазасы, бірінші күйеуімен болған күрделі қарым-қатынасы, балаларының өлімі. ХХ ғасырда өмір сүрген өзге де әйелдер сияқты Шара да басынан талай қасіретті өткерді.

Шара Жиенқұлова
Шара деген кім және неге ол туралы әңгіме етіп отырмыз?
Біздің кейіпкерлеріміз – құрбы болған Күләш пен Шараның оқиғасы бір-біріне ұқсас, яғни екеуі де еңбек жолын жас драма театрда бастап, артынша музыкалық театрға ауысты. Дегенмен, әрқайсысының өз мансап жолы болды. Күләш Байсейітова музыкалық театрда қазақтың тұңғыш опера әншісі болса, Шара Жиенқұлова – бала кезінен би өнерін игерген қазақтың тұңғыш бишісі атанды. Әрине, кеңестік Қазақстанның бас театр сахнасына бұл аздық етіп, би өнерін шыңдау үшін Жүргенов Мәскеуден Үлкен театр труппасында жұмыс істеген хореограф Александр Артемьевич Александровты шақырады.
Александров пен Жиенқұлованың алғашқы шығармашылық бірлігінен Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйіне қойылған «Тәттімбет» биі туады. Би қойылымдарымен жұмыс істей отырып, Александров пен Жиенқұлова қазақтың тұрмысы мен өмірін этнографиялық тұрғыда зерттей отырып, би шығарады.

Оны Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов және Манарбек Ержановпен бірге сол жылы Қызылордадан Алматыға көшкен Қазақ драма театрына қызметке шақырады. Театр сахнасында Шара алғаш рет эпизодтық рөлде ойнайды. Рахманқұловтың «Құжат» пьесасы бойынша Қанабек Байсейітов қойған қойылымда Шара жапон тыңшысын сомдайды, бұл оның алғашқы рөлі еді [Жиенқұлова, 1983]. 1929 жылдан 1934 жылға дейін ол Бейімбет Майлиннің «Шұға», «Майдан», Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» спектакльдерінде тек актриса ретінде ғана емес, биші ретінде де өнер көрсетеді [Жиенқұлова, 1983, 31 б.].
1934 жылы Шара әріптестерімен бірге халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтің шақыруымен бүгін бізге Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры деген атпен белгілі жаңа қазақ музыкалық театрына ауысады. Жаңа сахнада Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанына» қойылған қойылымда Шара өзінің «Келіншек» атты алғашқы биін билеген болатын.


Гүлшара, немесе қысқаша Шара, 1912 жылдың 18 шілдесінде Верный, қазіргі Алматы қаласында бірінші гильдияның саудагері Баймолда мен оның екінші әйелі, бұрынғы болыстың қызы Тыныбаланың әулетінде дүниеге келген. Шара балалардың үлкені еді, оның сіңлісі Хадиша да актрисалық жолды таңдап, өз өмірін өнерге арнаған еді. Қазақстан оны актриса әрі режиссер Шәкен Аймановтың жары – Хадиша Айманова деп таниды. Шараға оралсақ, бала кезінен әкесі Шараға байсалды қарап, кіші бауырларының амандығын оған жүктейтін. Ол қабағынан қар жауған қилы заман еді.

Шараның өмірбаяны. Отбасының шығу тегі, әкесінің тұлғасы, тұтқындалуы және өлімі. Оның тағдырында әкесінің тұтқындалып, қаза табуы қандай рөл атқарды?

1930 жылы Құрманбек пен Шараның тұңғышы Жәнібек, екі жылдан кейін Болат, ал 1936 жылы Марат дүниеге келеді. Шара жас ана атанса да, сахнада өнер көрсетуін тоқтатпайды.

Бірақ үлкені мен кіші ұлдары суық тиіп ауырып, сәби кезінде шетінеп кетеді, тек Болат қана тірі қалады.

Жеке өмірінде көңілін күпті еткен қайғымен қатар жүрген Шараның өнері өрлей береді. Себебі опера мен балет кеңес басшылығы үшін басымдықта болды әрі кеңес мәдениетінің басты сипаты ретінде көрініс тапты.

1936 жылы Шара қазақ делегациясының құрамында қазақ мәдениетінің онкүндігіне орай Мәскеуге аттанып, әріптестерімен елге оралғаннан кейін қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамырға» кіріседі. 1938 жылы экранға қазақтың тұңғыш дыбыстық фильмі «Амангелді» жол тартады, ал Шара фильмде басты рөлдердің бірі – Амангелдінің жары Балымның рөлін сомдайды.

Жемісті мансабына қарамастан, артистің жеке өмірінің іргесі сөгіле бастады. Шара мен Құрманбектің арасындағы кикілжің Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде басталды. (1936) Биші Үлкен театр тағылымдамадан өтуге шақырып, «Бақшасарай фонтаны» балетінде Зареманың партиясын билеуге ұсыныс алды. Құрманбек Шараға ауыр шарт қойып, Алматыға оралмаса, тірі қалған жалғыз ұлы Болатты бір көруге зар болады деді. Сөйтіп Шара Мәскеуде тағылымдамадан өтуден бас тартады.

Шара мен Құрманбек соғыс жылдарында ажырасты. Жандарбековпен ажырасқан соң, Шара өз тегіне ауысты. Екінші рет ол ұшқыш Жолдасбек Нұрымовпен отау құрады, бірақ некесі ұзаққа бармады, екеуі бірнеше жыл ғана бірге өмір сүрді.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Шара Жиенқұлова 35 концерт беріп, майданға гастрөлдік сапармен барған болатын. Ал 1950-60 жылдары ол тек көрші елдерге ғана емес, шетелдге де шыға бастады. Бұған дейін де халықаралық фестивальдерге қатысу туралы ұсыныстар түсетін. Мысалы, 1936 жылы Мәскеуде өтетін қазақ мәдениетінің онкүндігіне дайындық барысында Шараны Лондонға шақырған. Кейін ол би жетекшісі ретінде ансамбльдің құрамында Еуропада, Үндістанда, Қытайда, АҚШ-та өнер көрсетеді. Шараның соңғы гастрөлдері 1966 жылы ОАР-Сирия-Ливан-Мысыр-Моңғолия бағытымен өтті. Сол жылы ол өзінің сахналық мансабын аяқтады.

Осылайша, Шараның өмірінде жаңа тарау басталды – ол 1975 жылға дейін басқарған Селезнев атындағы хореографиялық училищеде ұстаздық етті. Болат Аюханов жетекшілік ететін «Алматының жас балеті» мемлекеттік классикалық би ұжымының сахнаға шығуын ол училищенің басты жетістіктерінің бірі деп атады.
Шара Жиенқұлова Кеңес Одағы ыдыраған жылы – 1991 жылы 21 мамырда қайтыс болды. Биші әрі ұстаз Шарамен қоштасу Абай атындағы опера және балет театрының жанында өтті. Шара Алматыдағы Кеңсай зиратында ұлы Болаттың қасына жерленген.

Шара Аюхановпен бірге 1967 жылы «Қыз Жібек» балетін қойды. Қойылым оған КСРО Мемлекеттік сыйлығын әкелді, ал жиырма тоғыз жастағы Болат еңбек сіңірген артисі атағын алды.

1975 жылы Шара он жылдай ұстаздық еткен училищеден кетуге мәжбүр болды. Шәкірті Ғайникамал Бейсенова сұхбатында оның кетуіне әріптестерінің шағымы себеп болғанын айтқан еді. Шараның өмірінің соңғы 15 жылы оңай болған жоқ. Сол кезде көпшілікке жазушы ретінде танылып үлгерген, «Сақтар» мен «Томирис» романдарын жазған ұлы Болат Жандарбеков қатерлі ісікке шалдықты. 1991 жылдың 23 наурызында ұзақ сырқаттан кейін Болат Жандарбеков қайтыс болды, ал ұлының жаназасын шығарғаннан кейін, 40 күн өткен соң Шараның өзі де бақилық болды. Жалғыз ұлының қазасынан кейін Шараның өмірінде мән қалмады. Достары мен туыс-туғанына: «Қырқынан кейін өзім де кетемін» деген екен.

Шара Жиенқұлова мұрасы және өмірінің соңғы жылдары

Өмірінің соңғы жылдарында Шара осы эпизодқа басты дереккөз болған «Өмірім менің — өнерім» естеліктер жинағын шығарды. Зерттеушілер бұл кітапта 1930-шы жылдың қиын-қыстау кездері туралы сыннан гөрі, метафоралық пайымның басым екенін айтады. Ақтығында, азаға толы отызыншы жылдары ең әуелі Шараның жақын-жұрағаты – әкесі Баймолда, педагог және әріптесі Александров, Мәскеуде өткен онкүндікте танысқан ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов және өзі бірге жұмыс істеген, таныс-білістерінің басым көбі қуғын-сүргінге ұшыраған еді.

Әйтсе де, өз артынан көптеген естелік қалдырып, қазақ театр және хореография өнерінің қалыптасу және даму тарихын жазуының өзі – бұл оның мұрасының ең ауқымды әрі маңызды бөлігі. Себебі мәдени революция кезінде кеңестік әйелдер эмансипациясы субъективтілікті жоққа шығарып, әйел баяғыдай еркекке тәуелді еді. Режим қысым көрсеткен тұста басты сынақ – өз ісіңе адал болып, артыңнан өшпес мұра қалдыру болса керек. Бұл Шараның қолынан келді. Ол замандағы әйелдер ерекше өмірлік қуатқа ие болатын, бұл өз кезегінде кеңес дәуірінде байырғы халықтан шыққан әйелдер сексуализацияға, экзотизацияға ұшыраған хореография сияқты қиын өнер түрінде өзін сақтап қалуға септігін тигізді.

Гүлфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картинасында биші әрі хореограф Шараның билеп тұрған тұлғасы бейнеленген. Картинаның түпнұсқасы Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ал көшірмесі Алматыдағы Селезнев атындағы хореография училищесінде сақтаулы тұр. Бишінің 90 жылдық мерейтойына орай Жүргенов атындағы академияда Шара атындағы би сыныбы ашылды, ал ол соңғы 20 жылда тұрған үйінің қабырғасында (Абылайхан көшесі, 74) ескерткіш тақта орнатылды.

Гүлфайрус бала кезінен сурет салған, әкесі Мансұр оған дәрігер бол деген екен, соғыста түйгені бұл мамандықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек, мамандар тапшылығы да бар еді. Бірақ Мансұр Исмаиловтың жақын досы Әбілхан Қастеев Гүлфайрустың салған суреттерін көріп, оған суретшілік жолын қуып, көркемөнер училищесіне, Алматыға қоныс аударған Абрам Черкасскийдің сыныбына түсуге кеңес береді.

1944 жылы Гүлфайрус училищеге түседі. Ұстазы Черкасскиймен бірге жазушы Сәбит Мұқановтың портретін салады. Қолына осы портретті ұстап, ол Суриков институтына оқуға түсу үшін Мәскеуге аттанады.
Халида әже Гүлфайрусты тоқымашылық пен кесте тігуге баулыды, ал соғыс басталғанда он екі жасар немересіне кілем тоқушы болып жұмысқа тұруға кеңес береді. Бала кезінен әжесі бойына сіңірген өнер тар жол тайғақ кештірген соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерді еңсеруге көмектесті.
Гүлфайрустың анасы Қайырниса Мирәлімова әнші болғысы келген, бірақ отбасылық және қаржылық жағдайы тұсау болып, мансабын жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Десе де ол театр ортасына жақын жүрді, подкасттың өткен шығарылымдарының кейіпкерлері – Күләш Байсейітова және Шара Жиенқұловамен құрбы болған. Анасының әншілік қасиеті Гүлфайрустың бойына қонады.
Гүлфайрустың туған әкесінің орнын анасының үшінші күйеуі, соғыс ардагері Мансұр Исмаилов басты. Гүлфайрус өз естеліктерінде өгей әкесінің оны өз балаларынан бөліп-жармай, тең өсіргенін жазады. Гүлфайрус үшін оның пікірі маңызды еді, үнемі кеңес сұрап, ақылына жүгініп, оны әке деп атаған.


Гүлфайрус дүние есігін ашқанда оған Қоңырбаева Күлпаш Таңсықбайқызы есім берілген, ол 1929 жылы 15 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы 30-шы жылдары дәм-тұздары жараспай, ажырасып кеткеннен. Ал кейін әкесі қуғын-сүргінге ұшырайды.

Соғысқа дейінгі қала – Гүлфайрустың балалық шағының, кейін шығармашылығының ең маңызды бөлігіне айналады. Суретші оны «бау-бақшаға оранған қала» деп атады, ал Алматы бақтары оның шығармашылық қиялын ерте жастан қалыптастырды.

Гүлфайрус Халида әжесінің тәрбиесінде болды, ол халықтың асыл мұрасын бойына сіңірген қолөнер шебері болғандықтан, немересінің қолөнерге, қазақ эпосы мен театрға деген асқан сүйіспеншілігін оятты. Суретші атанған Гүлфайрус 1967 жылы «Халық шебері» деп атаған триптихтің бір бөлігін әжесіне арнады, картинада ақ кимешек киген қарт қазақ әйелі бейнеленген.
Гүлфайрус Исмаилова – суретші, әнші, шебер және актриса. Ұзақ ғұмырында Гүлфайрус өзін өнердің сан қырында сынап көрді, десе де түс, текстура, алуантүрлі материалдармен жұмыс оның жанын елітіп, жүрек қалауы еді. Ұзақ жылдар бойы Гүлфайрус Исмаилова опера және балет театрының сахналық кеңістігін әспеттеп, «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Аида» балет қойылымдарына декорациялар жасады. Ал әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде көзге ерек түсетін костюмдерді өзі ойластырып, ерекше талғаммен жасауы оны баршаға танымал етті. Ал Гүлфайрустың кескіндемесі жандылығымен әрі қанықтығымен ерекшеленеді. Суретшінің көптеген картинасы жеке коллекциялар мен қазақстандық мұражайларда сақтаулы, ал ең ірі коллекциясы Қастеев атындағы өнер мұражайында тұр.

Алматыға оралу және алғашқы рөлдер

Гульфайрус Исмаилова
Гүлфайрус деген кім және неліктен біз ол кісі туралы сөз қозғап отырмыз?

Гүлфайрус ол кезде небәрі жиырма жаста еді, студенттер одан бірнеше жасқа үлкен, әдеп сақтамайтын, сондықтан мұғалімдік жолға түсудің реті болмайды.
Бұл кезде Гүлфайрус Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі еді. Ал Сидоркин Қазақстандағы суретшілік жолын енді бастап жатты, бірақ көп ұзамай Мұхтар Әуезов оны «Абай жолы» кітабын безендіруге шақырады.
Алматыда жүрсе де, суретшілер некелі ерлі-зайыптылар екенін жасырды. «Ботагөз» фильмінің түсірілімі кезінде Сәбит Мұқанов Гүлфайрусқа: «Атағың жер жарады әлі, саған күйеужігіт тауып береміз» деген екен. Көпшілік, соның ішінде жазушы Мұқанов та оның тұрмыста екенін білмеген.
Исмаилова мен Сидоркиннің тандемі қызғаныш өртін лаулатты. Евгенийдің өзі «Сидоркин мен Гүлекенің хикаясынан басқа ауылда мұңды оқиға жоқ» деп әзілдеген екен. Аралас некеден бөлек, ерлі-зайыптылардың табысты мансабы да қызғаныш отына май құйды. Ерлі-зайыптылар қазақ кескіндеме өнерінің тек Кеңес Одағында ғана емес, шетелде де насихатталуына өлшеусіз үлес қосты.

1959 жылы Гүлфайрус қазақ өнері мен әдебиетін дамытудағы ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденін алса, Сидоркин «Қазақ эпосы» сериясы үшін Лайпцихте күміс медальға қол жеткізеді. 1965 жылы Исмаилова Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері атанады, дәл сол жылы Сидоркин Лайпцих қаласында «Сәкен Сейфулинді оқығанда» автолитографиясының құрметіне алтын медальмен марапатталады.
Бірде Сидоркинді көшеде басын жарып, ұрып-соғып кетеді. Жарының бұл күйіне қапа болған Гүлфайрус күйеуінен өзін тастап, Ленинградқа қайтуын өтінген екен. Бірақ Евгений жан-жарын жалғыз қалдыруға түбегейлі қарсы болады.
Бірде «Қыз Жібек» тарихи картинасының түсірілімін тамашалауға Қонаевтың өзі келеді. Шәкен Айманов оны танымал ерлі-зайыптымен таныстыруды жөн көріпті. Қонаев Гүлфайрусқа: «Орысқа шыққаның не? Сіздерге қиын болады ғой» деген екен. Өз естеліктерінде Гүлфайрус: «Ұзақ та, қиын жолды бастан кешірдік» деп жазады. Аралас некедегі ер әріптестерінен айырмашылығы, Гүлфайрусқа орынсыз сұқтанған сырт көз бен жеке өміріне қатысты жайсыз сұрақтарға төзуге тура келді.

Училище мен консерваториядағы оқуын аяқтағаннан кейін Гүлфайрус Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтына оқуға түсу мақсатында Ресейге жол тартады. Сол кездегі беделді өнер оқу орнында оқып жүргенде де, Гүлфайрус ән айтуын жалғастыра берді. Мәдениет үйінде «Чио Чио Сан» ариясын орындайды. Сол кезде Ленинград консерваториясының ректоры оған өнер училищесін тастап, консерваторияда бірден екінші курстан бастап оқуға ұсынады. Бірақ тоқшылықтың ауылы алыс қалып, көбіне аш құрсақ жүретін жылдары кез келген уақытта сахнада аштықтан құлап қалуы мүмкін екенін ойлап, Гүлфайрус бұл ойды тастап, өзін толықтай бейнелеу өнеріне арнайды. Ал Ленинградтағы Репин атындағы институттың театрлық-декоративтік бөлімі оны мәмілеге келтіргендей, Гүлфайрус сурет те салды, сахнада да өнер көрсетті.

Болашақ жары Евгений Сидоркинмен институтта оқып жүргенде танысады. Сидоркин Қазаннан келіп, бірінші курсқа түскен, ал Гүлфайрус екінші курстың студенті еді. Олар қосымша сабақ кезінде танысып, аралас-құралас болып кетеді. «Бұл енді Женя екеуміздің Ленинградымыз еді. Біз бұл ұлы қаланы бірге таныдық», – деді Гүлфайрус бір сөзінде.

Суретшілер жасырын үйленеді. Олар қарым-қатынасы туралы ешкімге тіс жарып айтпай, құпия бас қосады. Қазақстанға Евгениймен бірге оралғанда екеуінің қандай қиындықтарға тап болатынан Гүлфайрус алдын ала білген еді.
Институтты бітіргеннен кейін Гүлфайрусқа өзі оқыған көркемөнер училищесіне сабақ беруге жолдама береді.

Гүлфайрустың жастық шағына оралайық. Қырқыншы жылдардың аяғында ол өнер училищесін бітіреді, тіпті консерваторияның вокал сыныбында екі курс оқып шығады. Сахнада өнер көрсетуге деген құштарлық Гүлфайрусты көпке дейін жібермей жүрді.

Әкесіне жазған хатында екі оқу орнына қатар түсіп, оқып жүрген жәйі бар екенін жазады. Әкесі оған бір кәсіпті нақты таңдағаны жөн, екі кеменің басын ұстаудың қажеті жоқ деген екен. Ұзақ уақыт екі ортада жүріп, терең ойға батқан Гүлфайрус түптеп келгенде сурет өнерін таңдады, себебі оған еркіндік сезімін сыйлайтын.

Алайда соғыс жылдары институттың бюджеті айтарлықтай қысқарып, шәкіртақы тағайындалмаған еді, ал бес бала бағып отырған Гүлфайрустың отбасы үлкен қыздарының басқа қаладағы баспанасын төлеп бере алмайтыны айдан анық. Осылайша, Гүлфайрус Алматыға қайтып келеді.

Мәскеуге оқуға түсе алмай туған қаласына қайтып оралған Гүлфайрус Марк Донскойдің «Алитет тауға кетеді» фильмінің түсірілім алаңына кездейсоқ тап болады. Оны көрген режиссер фильмдегі шағын бір рөлді ойнауға шақырады. Кеңестік қазақ фильмінде Гүлфайрус араға он жыл салып, 1957 жылы «Ботагөз» фильмінде басты рөлді – тағдыр тауқыметін тартқан қызды сомдады. Бұл фильм тіпті Францияда өткен халықаралық кинофестивальге де жіберілді. Гүлфайрус барлығы бес фильмге түскен.

Евгений Сидоркинмен кездесу, жасырын неке және қоғамның айыптау

Мамандық таңдау

2009 жылы суретші микроинсульт алып, бұл оның денсаулығына қатты әсер етті. Десе де суретші бұдан кейін төрт жыл ғұмыр кешті. Гүлфайрус Исмаилова 2013 жылдың 12 мамырында 84 жасында өмірден өтті. Суретшімен қоштасу 15 мамырда Абай атындағы опера және балет театрында өтті.

Ұлдары Вадим Сидоркин Гүлфайрус Исмаилова атындағы қорды басқарды. Ол өзін ата-анасының шығармашылығы мен даңқының тұтқынымын деп атаған.

Суретшінің көптеген туындысы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында тұр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің көркемсурет көрмелері дирекциясында оның «Қамар-сұлу» спекталіне, «Аида» операсына және Рахмадиевтің «Алпамыс» операсына, көптеген фильмдерге дайындаған эскиздері жинақталған.

Жетпісінші жылдардың ортасында Гүлфайрус Қазақ опера және балет театрының бас суретшісі болды. Ер әріптестері оны суық қабылдап, кейбіреулері тіпті «Қатын келді» деген сыңайдағы жөнсіз сөздерді де айтып қалатын. Бұған қарамастан, ол бұл жұмысқа 16 жылын арнап, 28 спектакльдің декорациясын жасады.
ГАТОБ-та оның сегіз қырлы, бір сырлы қасиеті – кескіндеме мен музыка саласындағы білімі ауадай қажет болды. Ол осы екі бағыттың тоғысатын тұсын өте жақсы ұғынатын. Сондықтан спектакльдің жалпы музыкалық құрылымын толық түсінбейінше эскизге кіріспейтін. Суретші үшін сахна декорациясының көрнекі бояуы «музыка түсімен» үйлесуі өте маңызды еді, өз естеліктерінде шығармашалық үрдісті ол осылай түсіндірді.
Қазір көпсалалы деп аталатын дүние халық музыкасына да, классикалық музыкаға да арқа сүйеген Гүлфайрустың көркемөнер, театр және кино жұмыстарында толығымен көрініс тапты. Оған мұрағат материалдарымен жұмыс істеу ғана маңызды болған жоқ, өзін қоршаған әлемнен шабыт алып, өміршең бейнелер тудырды.

1982 жылдың қыркүйегінде ұзаққа созылған сырқаттан Евгений Сидоркин қайтыс болады. Ұлы Вадим: «Әкем анамның қолында жан тапсырды, бірақ анам қолынан келгенше оның өмірін ұзартты», - деп еске алады. Өмірден өтер алдында Евгений: «Ешкім көңіліңе қаяу салмас үшін тұрмысқа шықпа. Ұлымызды суретшілікке баулы» деген екен. Гүлфайрус онсыз ақылдасатын адам болмайтынын ойлап, уайымдаған екен, оған Евгений «шеберханаға келіп, менің портретіме көз сал» деп жауап беріпті. Тоқтамай, жұмыс істеуін өтінген.

Ол күйеуіне берген сертінде тұрды. Вадим Сидоркин реалист суретші атанды. Өзі тұрмыс құрмай, сурет салуын жалғастырды. Ұзақ жылдар Гүлфайрус Исмаилова төсек тартып жатты, бірақ бұл оның шығармашылығына кедергі бола алмады.
Оған эскиздерді жоспарланғандай бес айдда емес, бір айда бітіруге тапсырма берілді. Осы уақыт ішінде Гүлфайрус бір жарым мың эскиз жасап шығады. Оларды кейіннен шеберлер қолданып, оның өрнектері бойынша костюмдер тігіліп, халық бұйымдары жасалды. Гүлфайрус жасанды бұйымдардан толығымен бас тартты. Тері, жібек, күміс, жүн сынды табиғи материалдарды қолданды. Бұл кеңес киносы үшін ерекше оқиға болды.

Кадрдан тыс ауқымды жұмыстан бөлек, Гүлфайрус фильмде Жібектің анасының рөлін сомдады. Сөйтіп жүріп, бас кейіпкердің костюмін өз қолымен кестелеп тікті.

Әуел баста Мәскеу костюмдер тарихи шындыққа жанаспайды деп фильмді қабылдамай қойғанына қарамастан, кейін бесінші бүкілодақтық кинофестивальде көркемдік безендіруде топ жарып, үздік шықты. Алайда, «ұлттық киім» ұғымының өзі Ресей Империясы тұсынан жалғасын тапқан отарлық құрылыстың бір бөлігі саналады.

Жетпісінші жылдардың басында кино Гүлфайрустың өміріне тағы оралады, бірақ бұл жолы көпсалалы қалыпта. 1969 жылы ол «Қыз Жібек» фильміне костюмдер бойынша суретші болып жұмыс істеуге шақырту алады. Суретші фильмге үш жылын арнады.

Гүлфайрус Мансұрқызы сұхбатында былай деген: «Мен сонда Ходжиковке: «Сұлтан, Мен «Қыз Жібекке» туғанымнан дайынмын. Нұсқаларым өте көп, әбден шабамын. Барымды беру үшін өліп-тірілуге бармын. Егер бұған шыдасаң, өмір үшін емес, өлім үшін тер төгемін!» дедім». Солай болды. Ол «Қыз Жібекті» өзінің шығармашылық өмірінің басты тақырыбы деп атады.

Бар сұрақтың жауабын Гүлфайрус 1978 жылы салған «Суретшінің отбасы» автопортретімен береді. Суретші онда өзін, жарын және ұлы Вадим Сидоркинді бейнелеген. Бұл картина оның манифесіне айналады, суреттегі адамдар оның өмірдегі бас қорғаны, сондықтан өз отбасын қанатымен су сепкен қарлығаштай қорғайтынын білдірген көпшілік алдындағы мәлімдемесі еді.
Елуінші жылдардың соңынан алпысыншы жылдардың соңына дейін Гүлфайрус Исмаилова Шара Жиенқұлованың (1958), Дина Нұрпейісованың (1965), Күләш Байсейітованың (1962), Әбілхан Қастеевтің (1967) және Мұхтар Әуезовтің (1969) портретін салды.
Сол кездегі өнерде топ жарған қазақ әйелдері – Шара, Күләш және Шолпан Жандарбекованың бейнесін өзінің әйгілі триптихына біріктіреді. Суретші үшін бұл үш әйелдің бейнесін салу сөзсіз маңызды еді, өйткені олар Гүлфайрус болмысының айрықша бөлшегіне айналды.

Гүлфайрус Исмаилова өмірінің соңғы жылдары мен мұрасы

Мансаптағы “Қыз Жібек” жұмысының рөлі

Символдық жұмыстар
Алайда суретшінің қолынан шыққан көптеген эскизі көзі тірісінде өзінің келісімінсіз жеке коллекцияларға енген. Үш ұлы әйел – Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова және Шолпан Жандарбекова бейнеленген әйгілі триптихі суретшінің тәлімгері Қастеевтің атындағы мұражайға қойылған. Бірде «Қазақ вальсі» картинасын «әлдекім жеке коллекциясы үшін қыруар ақшаға сатып алмақ болғанда Гүлфайрус Мансұрқызы: «Мен мұны халық үшін салдым» деп келіспеген екен. Солай болып қалды да. Оның мұрасы өзі салған картиналарда, өз кеңістігін құрған фильмдерде, әйелдер бейнесінде мәңгі қалады. Суретшінің өз замандастарына, жерлестеріне арнаған өнері ешқашан өлмейді.

Ол кезде Бөкеева үшінші курс студенті еді, «Амангелді» фильмінің түсірілім тобы павильонда түсірілім жүргізу үшін Ленинградқа арнайы келген болатын. Хадиша алғаш рет қазақ театр өнерінің жұлдыздары – Шара Жиенқұлова, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков пен Қанабек Байсейітов және т.б көрген еді. Оның өнер майталмандарымен танысуға немесе қаланы көрсетуге батылы жетпеді, десе де ол араға бірнеше жыл салып Алматыда бір сахнада өнер көрсететінін, әлбетте білген жоқ.

Ленинград техникумын бітіргеннен кейін Хадиша және басқа да түлектер дипломын алып, қазір Жұмат Шанин атындағы Шымкент облыстық қазақ драма театры атымен белгілі Шымкент облыстық театрына келеді.

Бір қызығы, Хадиша туралы өмірбаян жинағының авторы Сара Латиеваның сөзінше, Хадиша мамандық таңдамаған. Оның театрға келуін «Үкімет айтты, бұл орындады» деп жазады Латиева. Бұл Кеңес билігі жарияланған «эмансипацияға» қарамастан, шын мәнінде әйелдердің субъектілігі мен жеке таңдау мүмкіндігін шектегенін көрсетеді [Құдайбергенова, 2016, Асанова 2021].

Шымкент театры сахнасында Хадиша Фридрих Шиллердің пьесасы «Зұлымдық пен махаббатында», Островскийдің «Кеш келген махаббатында», Әуезовтің «Еңлік Кебегінде», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтотысында» ойнайды.

Мұрағат құжаттарында Хадиша Бөкееваның 1933 жылдың 1 қыркүйегінен 1934 жылдың 23 қаңтарына дейін Алматы медицина институтында оқығаны, ал кешке қалалық көркемөнерпаздар байқауларына қатысқаны туралы мәлімет бар. Түптеп келгенде, Хадиша өз өмірін медицинамен емес, өнермен байланыстырады. Жас республикаға театр мамандары керек болды, сөйтіп 1934 жылы кәсіби театр кадрларын даярлау туралы қаулы бойынша Хадиша басқа қыз-жігіттермен бірге Ленинград мемлекеттік сахна өнері техникумында оқу үшін Ленинградқа аттанады (қазіргі Ресей мемлекеттік сахна өнері институты).

Онда Хадиша актер әрі режиссер Василий Меркурьев, режиссер Всеволод Мейерхольд және оның қызы – актриса әрі педагог Ирина Мейерхольдтан дәріс алады. 1937 жыл оның мансабы үшін маңызды болды.
Хадиша Бөкеева – кеңес-қазақ театр және кино актрисасы, өнертану ғылымдарының докторы. Ол актриса ретінде де, педагог ретінде де сұранысқа ие болды. Оның шәкірттерінің қатарында театр мен кинода көп рөлді сомдаған – Құман Тастанбеков, Ғайникамал Байғошқарова, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов бар. Хадиша Бөкееваның өмірі туралы негізгі ақпарат көздерінің бірі – актрисаның өтініші бойынша «Хадиша мен Байғали» деп аталған жазушы Сара Латиеваның жинағы, ерлі-зайыптылар ашық хаттар, шақыру қағаздары мен хаттарға осылай қол қойған екен. Актрисаның бұлай жазуында жолдасы, опера әншісі Байғали Досымжановтың есімін және оның қазақ өнеріне қосқан үлесін сақтап қалуға деген талпынысы жатса керек.

Хадиша Бөкеева
Хадиша деген кім және неліктен біз ол кісі туралы сөз қозғап отырмыз?
Хадишаның актриса болып қалыптасу шағы соғыстың қызған тұсына дөп келді, театрда әскери тақырыпта спектакльдер жиі қойылатын. Театр сахнасында Шекспирдің комедиясына негізделген «Асауға тұсау» қойылымы ерекше жағдай еді. Хадиша онда басты әйел рөлі – Катаринаны сомдады, Петруччо рөлін ойнаған Шәкен Аймановпен жұп болды.

Оның басты рөліне айналған Катаринаның бейнесі актриса үшін оңайға соққан жоқ. «Мен Катаринаның қыңырлығын көрсетуге ұялатынмын, ал Шәкен драманы да, комедияны да оп-оңай іліп әкететін», - деп еске алады ол. Оның сөзінше, Катаринаның мінезі қазақтың дәстүрлі тәрбиесіне қайшы әрі төл болмысына кереғар еді. Алайда дәл осындай рөлдер арқылы Хадиша өз замандастары тұсында ең жарқын актриса ретінде есте қалды. Оның танымал рөлдері қатарында – түрік ақыны Назым Хикметтің «Фархад пен Шырындағы» Мехмене Бану, Тахауи Ахтановтың «Сәулесінде» Сәуле бейнесін атап өтуге болады.
Шымкент театрында екі жыл жұмыс істеген Хадиша 1940 жылы өзі де күтпеген жерден сценарийін Мұхтар Әуезов жазған «Райхан» драмалық фильмінің іріктеуіне шақырту алады. Фильмде Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қазақ әйелінің өмірі қалай өзгергені туралы баяндалады. Іріктеуге сол кезде толысып, қалыптасқан артистер де келеді. Шара Жиенқұлова да өзін басты рөлде сынап көреді. Олардың жанында Хадиша өзін жайсыз сезінді, ұяңдығы мен сахнадағы тәжірибесінің аздығынан сәтсіздікке ұшыраймын деп қорықты. Алайда Шымкентке оралғаннан кейін ол рөлді сомдайтыны туралы жеделхат алады. Түсірілімнен бір жыл өткен соң Хадиша Алматыға, Қазақ драма театрына жұмысқа шақырылады. Ол бұл театрға 70 жылға жуық өмірін арнады.

Хадиша Батыс Қазақстан облысындағы Қазталовка ауылында дүниеге келген. Хадиша Бөкееваның құжат бойынша туған күні – 1917 жылдың 1 қаңтары. Алайда актрисаның өзі туған күнін, тіпті туған жылын нақты білмегенін айтты, ал анасы қызының «пішен шауып жатқанда» дүниеге келді деген. Десе де, Хадишаның балалық шағы мен ата-анасы туралы деректер аз. Сұхбаттарының бірінде актриса әкесі ол дүниеге келгенге дейін өмірден өткенін, анасының тәрбиесінде болғанын, алайда анасы сырқаттанып қалғанда қызын интернатқа беруге мәжбүр болғанын айтқан еді.

Бала кезінде-ақ Хадишаның сөйлеу мақамы жақсы қалыптасты, ол интернаттағы қойылымдарда жиі өнер көрсететін. Сондай қойылымдардың бірінде Хадишаның ерекше таланты бір композитордың көзіне түседі, ол Хадишаны ән айтсын деп балалар радиобағдарламасына алып келеді.

«Райхан» және оның кинодағы мансабының басталуы

Балалық және жастық шағы

Өз ғұмырында Хадиша сахнада 150 рөлді сомдады. Ол үшін сахнадағы әріптестерінің алатын орны мен маңызы зор еді. Жалпы, актерлік өнер ұжымдық өнер деп те аталады. Хадиша Бөкеева кино алаңындағы алғашқы ұстазым деп Сералы Қожамқұловты айтатын.
Хадиша өмірлік серігі, опера әншісі – Байғали Досымжановпен Алматыда танысқан. Олар 1946 жылы шаңырақ көтеріп, шамамен 53 жыл бірге ғұмыр кешті. Осылайша Хадиша туған күнін екеуі танысқан күні – 21 ақпанда атап өтеді екен.

Оларды өнер тоғыстырған еді. Байғали дүниеден озар алдында «Ана тілі» журналына берген сұхбатында «Мен оның өнерін, ал ол менің өнерімді құрметтейді» деді. Әнші Хадишаны алғаш рет Дәметкеннің рөлін сомдаған «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу», кейін аты аңызға айналған «Асауға тұсау» спектаклінде көрді.

Хадиша жары туралы «Менің үйдегі кеңесшім, сыншым, досым» дейтін.
Байғали да Хадиша сияқты балалар үйінде тәрбиеленіп, екеуі өмірде де, тұрмыста да, өнерде де бір-біріне жақсы серік бола білді. «Үйде әйелдің, еркектің жұмысы деп бөлмейміз, бәрін бірге істейміз», - деді Байғали. Хадиша басты кейіпкер – жауынгер әйел Қарлығаның рөлін сомдаған «Қара Қыпшақ Қобыланды» спектаклінде жүкті болған актрисаға декорация құлап түседі. Осы оқиғаның салдарынан, ерлі-зайыптылар асыға күткен егізінен айрылады. Отбасында басқа бала болған жоқ.
Байғали Хадиша өз мансабына қаншалықты күш салса, оның мансабына да соншалықты күш салағанын айтатын. «Мен шамамен қырыққа жуық рөл сомдасам, Хадиша одан да көп рөл ойнады» деген еді. Оған қоса Хадиша опера әншісінің жұмысын жақсы түсініп, жарына дауысын сақтап, денсаулығын күтуіне жәрдем ететін. Ол 25 жастан кейін опера әншілерінің, әсіресе тенор дауысына ие жандардың дауыс желбезегі әлсірейтінін айтқан еді, сондықтан Байғали режиссурамен айналысты. Ал сахнада 20 жыл өнер көрсеткен Хадиша жаңа қызмет саласы – ұстаздыққа бет бұрды.

Актриса ұстаз болуды жоспарламаған, «Сүйегім сахнадан шығады» деп айтқан екен. Ол шынымен сахнада өте белсенді әрі көп ойнады, ал тұрақты репертуар мен маусымда қойылатын бір-екі қойылым оған басқа жұмыс туралы ойлауға мұрша берген жоқ. Ол кезде Алматыда театр өнерінен дәріс оқитын мұғалімдерге қажеттілік артып, Хадиша Бөкеева басты театр педагог-практигіне айналды. Кейін консерваториядан бөлініп, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына айналған Театр және өнер институтында Хадиша 1965 жылдан бастап дәріс берді. Бұған қазақ театр педагогикасының негізін салушылардың бірі, Жүргенов атындағы академияда академиялық тіл сыныбын құрушы Рабиға Қаныбаева ықпал етті. Рабиға әріптесінен 10 жасқа кіші болса да, оның педагог ретінде тәжірибесі Хадишаға сенім ұялатып, ол кафедрада сабақ беруге келіседі.


1998 жылы 76 жасында Байғали Досымжанов дүниеден өтті. Оның өмірден өтуі Хадишаға ауыр тиді. Сол сәттен бастап ол жолдасының есімін жаңғырту үшін қолынан келгенін жасады, одан жанына медет тапты.

Кейін Хадиша кезінде Алматыдағы Байғалимен бірге тұрған Зенков көшесі, 96-шы үйге ескерткіш тақта орнатты.

Хадиша Бөкеева қанша қартайса да, театрға жаяу баруды жөн көрген екен. 2007 жылы тоқсан жас мерейтойына орай әріптестері мен шәкірттері актрисаның құрметіне «Театр көктемі» фестивалін өткізді. Хадиша Бөкеева өмірден өтер алдында жамбас сүйегін сындырған болатын. Бұл жарақат оның денсаулығына ауыр соққы болып тиді. Актриса 2011 жылы 31 қаңтарда 93 жасында қайтыс болды.

Институтта Хадиша актерлік шеберліктен дәріс оқыды, сабақта студенттерді көрмелер мен галереялар, кино, спектакльдерге апаратын. Оларды көркем әдебиетке баулып, тұлғалық қасиеттерін ашуға тырысатын. Ол өнерде зорлық пен қысымға орын жоқ, өнер нәзіктікті қажет ететінін айтып отыратын. Дарынсыз болу кешірілмейтінін алға тартып, шәкірттерін өмірден шабыт іздеуге шақыратын. Хадиша Бөкеева шәкірті Құман Тастанбековті Ходжиковке «Қыз Жібектегі» басты рөл Төлегенге алуға ұсынған екен.

Ол студенттерімен ерекше қарым-қатынас орната білді: шәкірттерінің таңдаған мамандыққа сіңісіп, лайықты өмір сүруі ұстаз үшін маңызды еді, ал олар ұстазының өмірлік серігі Байғали өмірден өткеннен кейін, оған қамқорлық танытып, Бөкееваны «мама» деп атаған.

Өмірінің соңғы жылдары, шәкірттерінің рөлі

Хадиша Бөкееваны еске алу

Хадиша Бөкеева көзі тірісінде-ақ көрерменнің де, әріптестерінің де сұранысындағы актриса ретінде қабылданды.
2014 жылы Орал қазақ драма театрына ұлы жерлес актрисаның құрметіне Бөкееваның есімі берілді. Бұл Қазақстандағы театрға әйел есімін берудегі санаулы оқиғалардың бірі болды. Оралдағы басты көшелердің бірі де актрисаның есімімен аталады.

Қастеев мұражайындағы қазақстандық суретші Мария Лизогубтың 1957 жылы салған портреті актрисаның сұлулығы мен ұлылығын еске салады. Оның қойылымынан үзінділер деректі фильмдерде сақталса, ал кино туындылар оның жарқын бейнесінің куәсі болып қалды. Біз үшін Хадиша Бөкеева сияқты актрисалардың есімі ұрпақ жадында жатталып, түсінікті тілде жеткізілуі аса маңызды.

Байғали Досымжановпен танысуы және онымен бірге өмірі

Әкесі жоғалып кеткен кезде ол он бір жаста еді. Бұл оқиға Сталин мен Голощекиннің саясаты кесірінен 30-шы жылдары ен даланы аштық жайлаған кезде болды. Аштан өлмес үшін әжесі Күндей өз жасауымен бірге келген бағалы бұйымдарын тамаққа айырбастап отырған.
Роза 8–9 сыныпты Қызылорда облысындағы Үлкен Қазалы деген аудан орталығында оқыған. Мектеп үйден үш километр қашықтықта орналасқан еді, бірақ көлік болмаған соң балалар оған жаяу қатынайтын. «Нағыз колобоксың қыста», — сол кезді Роза осылай сипаттайды, яғни жолда үсіп қалмау үшін қабат-қабат киім кию керек еді. 1939 жылы, оныншы сыныпты бітірген соң, Роза Қызылордадағы пединститутқа оқуға түседі. Ал 1941 жылы інісі Ыдырыс соғысқа аттанады. Ол майданнан тек бір рет хат жібереді, кейін оның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болыпты. Осылай Роза әжесі мен екі анасына қарайлап, отбасын өз қамқорлығына алады. Үшінші курстан кейін ақшасы болмай пединституттағы оқуын тастауға мәжбүр болды.
Көп ұзамай отбасы алыс туыстары тұратын Ташкентке көшіп кетеді. Роза Тоқыма институтына, қазіргі Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтына оқуға түсіп, сол жерде жатақханада тегін тұрып, тегін тамақтанып, тоқымашы болып жұмыс істейді.

Тағдырдың жазғаны осы болса керек, оның шығармашылық жолы Ташкентте басталады. Бірде Роза қатты дауыстап әндетіп, аула сыпырып жүреді. Оның даусын жақын маңда өтіп бара жатқан опера әншісі Мухиддин Кари Якубов — Өзбек музыка театрының негізін салушылардың бірі, әрі аңызға айналған өзбек бишісі Тамара Ханумның күйеуі, естіп қалады. Якубов Розаны тыңдап көру үшін филармонияға шақырып, кейін Самарқандағы Өзбек филармониясының әйелдер ансамблі қатарына қосыл деп ұсыныс тастайды. Осылайша әншінің жолы ашылды.

Тәжібайдың екі әйелі болған: бәйбішесі — Мәриям, тоқалы — Ақкүріш, Розаның анасы. Роза Тәжібайдың аман туған алғашқы сәбиі еді, бірақ көп ұзамай Мәриям да құрсақ көтеріп, Ыдырыс есімді ұл бала дүниеге келеді. Роза Мәрияммен өте жақсы тіл табыса білген, тіпті туған анасына да соншалық жақын болмаған екен («Айналайын халқымнан еркелеткен» атты ғұмырнамасынан, Атамұра, 2007, 30-бет). Ол екеуін еркелетіп «шешелерім» деп атайтын.
Розаның отбасы әнді сүйіп орындайтын: әжесі Күндей немересіне «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз», «Екі жирен» сынды халық әндерін айтып берсе, әкесі қызымен бірге «Ахау, керімді» шырқағанды жақсы көретін. Аналары Мәриям мен Ақкүріш те ән салып, сырнай тартқан.
Тәжібай қызметтік тапсырманы орындауға кетіп, үйге қайтып оралмаған кезде отбасының басына қара бұлт үйрілді. Ресми нұсқаға сәйкес, ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Өз естеліктерінде Роза әкесі Ташкентте қайтыс болған деген болжам бар дейді.

Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы аулында дүниеге келді. Азан шақырып қойған есімі — Үрбибі. Үрбибінің қалай Роза атанып кеткені туралы деректер жоқ. Мәселе Розаның интернационалдық есім екенінде жатқан шығар.
Ол үлкен отбасында өсті, ата-анасынан бөлек әжесі және әкесінің бәйбішесімен бірге тұрды.

Розаның әжесі — Күндей — бай отбасынан шыққан. Оның ұлы Тәжібай, Розаның әкесі, 1917 жылғы революциядан кейін барлаушы боп қызмет еткен.

Роза Бағланова кеңес дәуірінде де, тәуелсіздік жылдары да Қазақстан эстрада өнеріндегі елеулі тұлғалардың бірі болды. Роза Тәжібайқызының өнердегі жолы жетпіс жылдай уақытқа созылды. Бұл кезеңде қазақ даласындағы ашаршылық, соғыс, жер реформалары, Желтоқсан сияқты XX ғасырдың маңызды әрі қайғылы оқиғалары болғаны белгілі. Осынау күйзеліске толы сәттерге қарамастан Роза Бағланова өмірге деген құштарлығын жоғалтпады. Ол ел есінде ең даңқты әрі тыңдарманның шексіз махаббатына бөленген артистердің бірі болып қалады.

Соғыс

Балалық шағы, отбасы, жақындарынан айырылуы және қиын-қыстау жылдары

Роза Бағланова
Соғыстан кейінгі жылдар

Роза Бағланова деген кім және неліктен біз ол кісі туралы сөз қозғап отырмыз?

Онда Роза Бағланова өзінің айрықша белгісіне айналған танымал «Самара-городок» әнін орындайды. Алғашында бұл әнді атақты орыс әншісі Лидия Русланова шырқаған, тіпті майдандағы концерттерде де әндеткен. Солардың бірінде Роза осы әнді естіп қалады. Әнді ұнатып, Роза оны өз репертуарына қосады. «Самара-городок» әнін майдандағы концерт бригадаларының басқа артистері де шырқайтын, бірақ Роза Бағланова ғана ол әнді нағыз аңызға айналдырды.
Әншінің Будапештегі өнер көрсетуіне қайтып оралайық. Бұл сапары туралы ол былай дейді: «Мен әдеттегідей фестивальдің шымылдығын жаптым. Майя Плисецкая Сен-Санстің өліп бара жатқан аққудың биін биледі. Мен үшін Будапешт бағымды ашқан бойтұмарға тең». Айтқандай-ақ, Будапештен кейін Роза Бағланованың бүкілодақтық атағы ғана артып қоймай, сонымен қатар ол халықаралық деңгейде де таныла бастады. Әнші дүниежүзілік гастрольге шықты. Мысалы, 1957 жылы Роза 12 елді аралап, тіпті Ұлыбританияда Елизавета патшайымның алдында ән шырқады.
Соғыстан кейін Роза Алматыға оралады. Бұл кезең оның шығармашылық шыңының бастауы еді. 1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада конкурсында жеңіске жетіп, Розаның талантын көпшілік мойындайды. Ол кейінгі екі жылда Абай атындағы опера және балет театрында қызмет етіп, содан соң өмірінің жиырма жылын арнаған Жамбыл атындағы филармонияда жұмыс істей бастайды. Розаның шығармашылық мансабындағы 40-шы жылдардағы басқа да жарқын сәттердің бірі ретінде 1949 жылы «Юность мира» деп аталатын кеңес-венгр деректі фильміне түскенін айтуға болады.
Жалпы 1949 жыл ол үшін ерекше жыл еді. Роза әлемнің 80 елінен келген артистер қатысқан Будапештегі үлкен жастар фестивалінде өнер көрсетті.
Филармонияда жүргенде Роза оқуын Чайковский атындағы Консерваторияда жалғастыру үшін Мәскеуге жолдама алады. Бірақ соғыстың кесірінен жоспары өзгеріп, Роза басқа артистермен бірге Мәскеудің орнына майданға аттанады. 1941 жылы 17 тамызда олар бірден вокзалда алғашқы концертін береді. Роза өз ғұмырнамасында бала кезінде әжесі Күндейдің арқасында жаттап алған халық әндері «Айнамкөз» бен «Қараторғайды» сарбаздарға шырқап бергенін есіне алады. Майдан сапарлары кезінде артистер жиі өнер көрсететін, тіпті концерт тәулігіне он екі сағатқа дейін созылған кездер де болған. 1943 жылы Роза өнер көрсетіп жатқанда көзіне снарядтың жарықшағы тиіп кеткен. Бұл оқиғаның өзі ол заманның барлық қиындығын жеткізеді. Әншінің көз жанарын көптеген отаның көмегімен сақтап қалды, бірақ алған жарақаты әлі-ақ сыздайтын болады.
Кеңес бишісі әрі Өзбек филармониясының басшысы Гавхар Рахимова Розаның Өзбекстандағы тәлімгерлерінің бірі болды, әнші ол кісіні әрдайым ерекше махаббатпен еске алады. Музыкадағы алғашқы қадамдарын қолдаған сол жылдардағы Өзбекстан Компартиясының бірінші хатшысы — Осман Юсуповты Роза өзінің қамқоршыларының бірі дейді. Юсупов Розаны филармониядағы концерттердің бірінде байқап қалып, дарынына таңданғаны сонша, жас артистің Мәскеуде білім алуына мұрындық болып, Ташкенттен бес бөлмелі пәтер сыйлап, қаржылай көмектеседі («Айналайын халқымнан еркелеткен», 22-бет).

Ал былтыр әншінің 100 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті: соғыстан кейінгі жылдары еңбек еткен Жамбыл атындағы филармонияның алдында Розаның ескерткіші ашылды. Алматы мен Астана мұражайларда көрмелер ұйымдастырылып, «Қазақювелир» әншінің Үндістанда сыйға алған танымал сырғасының көшірмесін шығарды. Отбасының айтуынша, әнші бұл сырғаны қатты жақсы көрген: фотосессия мен маңызды шараларға барғанда үнемі құлағынан тастамайды екен.
Роза Бағланова — заманауи Қазақстанның тарихындағы ең даңқты артист әйелдердің бірі. Ол басына түскен ауыртпалыққа қарамастан жоғары мәртебеге жетіп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарын өз талантымен тәнті етті.
Роза Бағланова өзінің халық жадындағы бейнесі мен тарихта із қалдырам дегенді айрықша қолға алған болатын. 2006 жылы Алматыда «Ах, Самара-городок» атты деректі кинофильмнің тұсаукесері өтті, ал бір жылдан кейін «Атамұра» баспасы осы эпизодтың негізіне айналған «Айналайын халқымнан еркелеткен» деп аталатын әншінің өмірбаяндық кітабын басып шығарды.
Роза туралы естеліктер оның әндері мен сахнада өнер көрсеткен сәттерінде, мұражайларда, жеке заттарында сақталатыны анық. 2021 жылы Роза Бағланова ғұмырының көп жылын арнаған Қазақконцертке әншінің есімі берілді.
Ал кейін Роза Моңғол халық революциялық партиясының бас хатшысы Юмжагийн Цеденбалдың шақыртуы бойынша Моңғолияның 43 жылдығына арналған концертке жол тартады. Баян Өлгий аймағындағы қазақтардың алдында өнер көрсетеді. Роза ол кездегі билік басындағы ықпалды саясаткерлер — Юсупов, Қонаев, Хрущев, Брежневпен қарым-қатынасы туралы ашық жазған. Ол өз ғұмырнамасында Нұрсұлтан Назарбаев туралы көп сөз қозғап, оны «Ақ патша» деп атаған. Осы және биліктегілерге адалдығы үшін әнші жиі сын астында қалатын.
Оның дәуіріндегі әйелдер өз орнын жоғалтып алмау үшін әр қадамын абайлап басатын еді. Атақ пен абыройына қарамастан олар өткір саяси тақырыптар туралы өте сирек пікір айтатын. Мысалы, «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты естеліктерінде Роза Желтоқсан оқиғасын тез шолып өтеді. Ол артистер наразы жастар алдына шығып, сөз сөйлеуі керек екеніне тоқталып, халық алдына бармаған мәдениет қайраткерлерін атап көрсетеді.

Тәуелсіз Қазақстанда да Роза Бағланова өнерін белсенді түрде жалғастырып, концерт беріп жүрді. 1992 жылы ол жетпіс жасқа толды. Әнші өмірге тәубе деп, ғұмыр жолында ештеңеге өкінбегенін айтады — әсіресе, сахнада өткізген ұзақ жылдары үшін алғысы шексіз дейтін.
Өмірінің соңғы жылдары Роза Бағланованың көз жанары сыр бере бастайды. Снарядтан алған жарақаты да, егде жасы да әсер етпей қоймады. Дегенмен ол соңғы демі шыққанша сахнаға ұмтылумен болды. Қазақконцерттің 50 жылдық мерейтойы кезінде әріптестері әншіден бата сұрайды. Бұл оның соңғы жылдары еді. Әріптестері әншінің қамын ойлап, сахнаға шақырмайтын, бірақ Роза көзіне шұғыл ота жасау керек кезде де ән айтқысы келетін. Ол алған бетінен таймай, ойлаған жоспарларын жүзеге асыруды көздейтін. Роза Бағланова 2011 жылы 89 жасында инфаркттан көз жұмды.
Розаның саясатқа араласқан сирек сәттерінің бірі ретінде 1988 жылы Арал трагедиясы туралы айтқан атақты сөзін айта кету керек. Ол мінберде тұрып, Орта Азиядағы экологиялық апаттың себепкері атанған Арал теңізінің тартылуына әкеп соққан кеңес ғалымдарының іс-әрекетін сынап тастады. Оның сол кездегі тезистерінің бірін еуропацентризмнің сыны ретінде қабылдауға болады: әншінің сөзінше, егер мұндай оқиға Батыста болса, әлем баяғыда дүр сілкінетін еді.
Қазақконцертке келген кезде әнші нағыз жұлдыз еді: жиырма жылдан астам шығармашылық тәжірибесі, өнеріне деген үлкен сұраныс пен көпшіліктің құрметін айтып жеткізу мүмкін емес. Оның беделді болғаны сонша, Роза Дінмұхамед Қонаевтан Қазақконцерт үшін жаңа ғимарат сұрап, келісімін алады («Айналайын халқымнан еркелеткен», 62-бет, Д. Қонаев жайлы естеліктерден).
Розаның осынау жетістігі дара таланты мен сырт келбетінің сұлулығының ғана арқасында келген жоқ, бірінші кезекте әншінің өзіндік тәртібі бар еді. Концерт қойғанда Бағланова 20-ға жуық түрлі ән шырқап, репертуарын жаңартып тұруға тырысатын. Әнші сахнаға шығар алдында бес сағат бұрын дәм татпайтын, денесін тік ұстап, хадық алдында ән шырқағанда да, түсірілімдерде де бірдей жауапкершілікпен өнер көрсететін. Роза: «Экран ештеңені ұмытпайды» деген. Ол сахналық костюмдеріне ерекше қарап, бәрін өз дизайны бойынша тіктіретін.

Роза бұған өз шығармашылығы себеп болды деп санайтын, өйткені гастрольдетіп жүретін артистің отбасында бақытты болуы екіталай.

Розаның екінші күйеуі — заң ғылымдарының кандидаты, криминолог Сатыбалды Жадбаев. Олар 11 жылдай бірге болды. Әнші өз ғұмырнамасында ер адам әйелдің атақ даңқы бар екеніне төзе алмайды, сондықтан Сатыбалды екеуі ажырасып кеткенін жазады. Дегенмен Роза жалғыз болған емес, оны сүйген көптеген жанкүйері бар еді. Ол өзі де солай дейді: «Жалғыз қалып көрген емеспін»; «Маған ғашық жандардың сезімі көңілімді жасартатын».
Роза мен Сатыбалдының жалғыз ұлы — Тәжен Бағланов — әнші 47 жаста болғанда дүниеге келген. Анасы оны барлық гастролінде бірге алып жүргеніне қарамастан, ол музыка мен шығармашылықтан гөрі заң саласын таңдап, әкесінің жолын қудыі.
Екінші некесінің алғашқы жылдарында Розаның өнер жолында жаңа әрі маңызды кезеңі басталды: ол Қазақ мемлекеттік концерт бірлестігі «Қазақконцерттің» бас артисі атанды. Бірақ еңбек жолындағы жетістігі жақын жанның өлімімен қайтадан қатар келеді: 1965 жылы Розаның туған анасы Ақкүріш өмірден өтті.
Дегенмен Роза маңдай терін төгіп еңбек етуден талмады. Оның өнер көрсетуі арқасында Қазақконцерт жоспарға сай концерт беріп, тұрақты табыс алып тұрды. Ол концерттерден түскен пайданы өз қалтасына басса, әлемдегі ең бай артист атанушы еді дейтін әріптестері. Ең бай артист болмаса да, оның бай әйел болғаны сөзсіз. Мәселен, Ол кезде Париждегі Шанель сән үйінің костюмдерін сатып алуға Розаның шамасы жететін.
Розаның аналары көзі тірісінде қызын ұзатуды армандайтын. Бағланованың бірінші күйеуі — 17 жасында соғысқа кетіп, Кеңес Одағының Батыры медалін алып келген Садық Әбдіжаппаров. Олар 1945 жылы отау құрды. Кейін Роза Садыққа ММУ-дың заң факультетіне түсуге көмектеседі. Роза да, Садық та жиі жол-сапарларға шығып, бір-бірін аз көретін. Бұл олардың арақатынасына сызат түсірді — жеті жылдан соң некелері бұзылды.
1955 жылы Роза Қазақ ССР-ның халық артисі атағын алып, 1959 жылы ол кездегі айтулы Ленин орденін еншілейді.
Еңбегінің жемісін көре бастаған кезде отбасында үлкен қайғы орын аладыі. 1952 жылы 72 жасында анасы Мәриям бақилық болады. Роза ол кісімен қоштасуға үлгермей қалғанына қатты өкінетін.
Өмір жолында Бағланова 54 елге гастрольдік сапарға барды. Коко Шанель, Индира Ганди, Джавахарлал Неру сияқты беделді адамдармен кездесті.
Розаның өнер көрсетудегі ерекшелігінің бірі — өзінің танымал әндерін концерт қоюға келген елдің тілінде шырқайтыны. Осылайша ол тек кеңес республикаларының ұлттық тілінде ән салып қоймай, швед, неміс, жапон тілі секілді басқа тілдерде де орындайтын.
Тағдырдың талқысын көріп, жақындарын ерте жоқтап қалған аналары Ақкүріш пен Мәриямның басына түскен ауыртпалықтың жүгін жеңілдету үшін Роза барынша олардың жағдайын жасап беруге тырысты. Ол Алматыға көшіп келген соң төрт бөлмелі пәтер сатып алады да, бір бөлмесін Ақкүріш пен Мәриямға арнап дайындайды. Оларға арнап өкілдік модельдегі ЗИМ машинасын сатып алып, аналарына жүргізушіні де жалдайды.
Естелік

Дерті мен өмірінің соңғы жылдары: көзі тірісінде ол туралы жарық көрген дүниелер

Әлеуметтік, қоғамдық-саяси контекст және артистердің рөлі туралы

Қазақконцерт: 60-шы жылдар және мансабының әрі қарай дамуы

Жеке өмірі: некелері мен ұлының дүниеге келуі

Атақ-даңқы, әлемдік гастрольдерінен басқа Роза Бағланова ұзақ ғұмыр жолында әлеуметтік маңызды оқиғаларды да бастан өткерді: ашаршылық пен соғыстан бастап, Желтоқсан оқиғалары мен тәуелсіз Қазақстанның куәсі болды. Ол өзінің ғұмырнамасын мұра етіп қалдырып кеткен көптеген замандасы секілді өз естеліктерінде қазақтар көрген қайғылы күндерді барынша таңдап-талдап қарастырып, барынша мұқият сөз етеді.
50-шы жылдары, Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ауыл Өзбекстанның еншісіне өткенде, Дінмұхамед Қонаев ауыл тұрғындарының «рухын көтеру үшін» Бағлановадан концерт қоюын өтінген.