ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
“Батырхан Шөкенов атындағы қор” қоғамдық қоры
2023
ҰЖЫМНЫҢ СӨЗІ:
2023 жылы біз өстік және ауқымымызды кеңейте түстік: жобаларымыздың, негізгі серіктестеріміздің және біз өткізетін іс-шараладыңр саны артты.
2018 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан стратегиялық серіктестеріміздің, Болат Өтемұратов Қорының қолдауының арқасында біз өткен жылы басталған зерттеушілік және білім беру жобаларын: қазақ музыкалық мәдениетінің тарихы туралы BAYSA аудиоподкастын және үрмелі аспаптарда орындаушылардың халықаралық академиясын одан әрі жалғастырдық.

Осы жылы біз EA Group тобымен ынтымақтастық құрып, жаңа серіктестер таптық, солардың арқасында біз Орталық Азия композиторларына арналған BATYR LAB үшінші резиденциясын өткізіп, Qazaq Roses аудиоподкастының маусымын продюсерледік және ұзақ мерзімді зерттеу жобасы – тәуелсіз Қазақстан поп-музыкасының тарихы туралы энциклопедияны бастадық.
Біздің баспагерлік қызметіміз де тоқтамайды: биыл BAYSA подкастының бір эпизодынан шабыт алып, Tartpa шеберханасымен бірге қазақ әндерінің жинағын шығардық.
Біздің ұжым Батырдың қалдырып кеткен мұрасын сақтау және әртісті есте сақтау жұмысын жалғастыруда: биыл әртістің туған күніне орай Almaly СО-мен бірге Алексей Берковичтің “Джулия” фильмін көрсеттік. “Меломан” компаниясымен бірге “Отан Ана” альбомын винилге қайта шығарғанымыз біз үшін маңызды оқиға болды.

Форматтардың өзектілігі мен жаңалығы – біз сенетін нәрсе, сондықтан біздің команда Диана Бимахимова мен Максим Петровтың музыкасын саналы түрде тыңдау үшін Una CORDA поп-ап кеңістігін ұйымдастыруға қатысты.

ЖОБА САНЫ:
9
ҚОР ТУРАЛЫ
“Батырхан Шөкенов атындағы қор” қоғамдық қоры – 2015 жылы әртісті есте сақтау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.


МИССИЯ


Жаңа есімдер пайда болуы мүмкін; таланттар өзінің тыңдарманын табатын және дамитын, іске асырылып жатқан жобалар көбірек көрінетін нақтылы және күшті мәдени ортаны қалыптастыруды көздейміз.

Біз үнемі білім алу және оны іске асыру жолында ізденісте жүрген, мән-мағына қалыптастыратын және коллаборацияға ашық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және мүмкіндік беру маңызды деп есептейміз.

Біз өзара әрекеттесудің, тәжірибе алмасудың және кәсіби қоғамдастықтардың күшіне сенеміз.

Біз көкейтесті өнімдерді жасап, оларды кәсіби қоғамдастық үшін де, жалпы кең жұртшылық үшін де қолжетімді, түсінікті және ашық етуді қалаймыз.
ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
  • Мәдениет және музыка өнері саласындағы мультипәндік және өзекті жобаларға бастамашлық ету және қолдау


  • Жергілікті мәдениетті зерттеу және оған қайта мән беру
  • Баспагерлік қызмет
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР
Болат Өтемұратов Қоры — денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру саласындағы жобаларға белсенді түрде қолдау көрсететін мультижобалы қор.
EA Group Holding — венчурлық капиталға, активтерді басқаруға, сондай-ақ финтех пен жасанды интеллектіні қоса алғанда, әртүрлі технологиялық секторға маманданған, көп функционалды портфелі бар халықаралық инвестициялық компания.
МЕДИА СЕРІКТЕРСТЕР
БІЗМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚҰРҒАН ҰЙЫМДАР
Контрибьюторлар
Kushanov Music Group
ҚОРДЫҢ ҰЖЫМЫ
Біздің команда коммерциялық емес сектордағы жобаларды басқару, кураторлық зерттеулер мен продюсерлік саласындағы мамандардан тұрады.
Наргиз Шөкенова – Қордың директоры, кино және телевизия продюсерлеу факультетінің түлегі. Қорда коммуникацияларды, ұйымның жалпы басқаруды және арнайы жобаларды қадағалайды.
Камила Нарышева – Қордың жоба менеджері. СПбМУ және Bard College, NY бірлескен бағдарламасы аясында кураторлық зерттеу саласы бойынша магистратураны бітірді. Институционалдық және тәуелсіз куратор, арт-менеджер және баспагер ретінде тәжірибесі бар.



ЖОБАЛАР:
БІЛІМ БЕРУ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КОМПОЗИТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН BATYR LAB МУЗЫКАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ

Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Бішкектен және Ташкенттен іріктелген қатысушылар Бауыржан Бисмилдиннің арт-директоринг, Шоқан Нүкішевтің дистрибуция және промо релиздерді құру, Doing Great агенттігінің мамандары Катя Штарева мен Аня Кострюкованың әртістің менеджменті және PR бойынша білім беру блоктарын тыңдады, Ботагөз Тойчинаның авторлық құқық бойынша семинарына қатысты, сондай-ақ кино және музыка индустриясының өкілдері – режиссер Катерина Суворовамен және “Жабық клуб” лейблінің музыкалық менеджері және негізін қалаушысы Камалдин Камирдиновпен кездесті.
Биылғы жылы біз үшін жергілікті сараптамаға негізделіп бағдарлама құру маңызды болды және біз резиденцияға дайындық кезінде әдіскермен бірге бес білім беру модулін әзірледік.
Одан кейін 9 қатысушы қыз бен жігітке жобаларын іске асыруына гранттар табыс етілді, ал қазан айында жоба шоукейспен аяқталды.
BATYR LAB музыкалық резиденциясы – бұл заманауи композиторларға өзінің әлеуетін ашуға және тұжырымдамалық жобаларды жасауға көмектесетін Орталық Азиядағы білім беру-практикалық алаңы.

BATYR LAB – Орталық Азияның музыканттары мен композиторлары баламалы білім алатын: осы саланың жетекші сарапшыларынан заманауи білім және өзінің шығармашылығын алға бастыруға арналған заманауи құралдарды алатын бірегей бастама.

Біз үшін жобаны жалғастыру, қызметін жаңа бастап келе жатқан және салалық композиторларды, әртістер мен музыкалық продюсерлерді қолдау, олардың жұмыс істеуі мен шығармашылығы үшін қажетті жағдай жасау және Орталық Азияда салауатты, бәсекеге қабілетті музыкалық ортаны қалыптастыру маңызды.

BATYR LAB 2023 бағдарламасы екі шеберханаға бөлінді: бұл киноның музыкасын жасауға арналған Ақмарал Мергеннің шеберханасы және музыкалық продюсер Эмиль Досовтың шеберханасы.
компанияларының қолдауымен жасалды.
EA Group қолдауының арқасында Әділбек Қайролла «su» мини-альбомын жасауға, Ахмет Нұрғазин «Movement One» композициясына, Қуанышбек Нұрғазы «KÚI» альбомына, Аршат Хайроллаға (ARShAT) «Oshtim» синглының релизіне, Дарья Спивакова «tumbleweed dreams guide» эмбиент-альбомын шығаруға грант алды.


Сонымен қатар Lenovo және Ararat компанияларының қолдауының арқасында гранттар пулы кеңейтілді.

Lenovo компаниясының қолдауы аясында Нұрбек Елемесов (dudeontheguitar) «Qūlağym sende» альбомын жасауға және Дамира Армановаға (Domire) «Qūt» альбомын шығаруға гранттар берілді.
ARARAT бренді жобаның шеңберінде Едіге Несіпбекке (edigee) «Quraq» деп аталатын би музыкасы альбомына қолдау көрсетті.

Ақпараттық қолдау шеңберінде 98mag және Spring CA редакциялары материалдарды жасады.
ІС-ШАРАЛАР САНЫ:
9
БЕНЕФИЦИАРЛАР САНЫ:
20
БӨЛІНГГЕН
ГРАНТТАР САНЫ:
5,500,000
мөлшерінде (бюджетке төленетін төлемдерді есепке алмағанда)
тг.
География:
  • Қазақстан
  • Өзбекстан
  • Қырғызстан
БАҚ БЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР САНЫ:
12
НӘТИЖЕ:
Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған халықаралық академия
Академия – кәсіби музыканттар үшін нақты, көкейтесті жоба, өйткені ол жас орындаушыларға машығының деңгейін арттыруға және жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Академияда қатысушылардың әрқайсысы академияның педагогтарынан орындаушылық өнері, алға басу, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мәселелері бойынша қажетті кеңестер алды.
Жобаға қатысушылардың біліктілігін арттырумен қатар, жоба жалпы жұртшылық пен кәсіби қоғмдастықтардың назарын аударды.
Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған халықаралық академия – бұл Жапония, Франция, Қазақстанның және АҚШ-тың жетекші педагогтары Жюльен Люк (валторна), Бенуа Кутрис (тромбон), Жасұлан Әбдіхалықов (керней), Хенри Уиллифорд (флейта) және Йо Матсушита (саксофон) жүргізетін бес күндік практикалық мастер-класс.

Осы білім беру жобасы қазақстандық орындаушыларға әлемдік жетекші солистермен жұмыс жасай отырып өзінің тәжірибесін жақсартуға және шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба арқасында іске асырылды:
ІС-ШАРАЛАР
САНЫ:
6
БЕНЕФИЦИАРЛАР САНЫ:
425
50
оның ішінде
белсенді
тыңдаушылар:
География:
ЖАРИЯЛАНЫМДАР САНЫ:
6
  • Алматы
  • Астана
  • Семей
Kushanov Music Group
ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ
BAYSA АУДИОПОДКАСТЫ

Эпизодтар тізімі:
Эпизод 1. Музыка қалай бұқаралық сипат алды

Эпизод 2. Қазақ музыка тарихындағы үш есім: Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Сейдолла Бәйтереков

Эпизод 3. Қазақстан музыкасындағы вокалды-аспаптық ансамбльдер феномені

Эпизод 4. «Дос-Мұқасан» феномені. Уақытқа бағынбайтын танымал ансамбль


Эпизод 5. Роза Рымбаева туралы бес хикая

Эпизод 6. Той бастар және дастархан үстінде айтылатын әндер

Эпизод 7. «Азия дауысы» — Қазақстандағы алғашқы аутдор фестиваль
Бірінші маусымда подкастта Қазақстан аумағындағы музыканың қайнар көздері туралы: Тәңірші бақсылардың көне салт-жоралары, күйлердің сиқыры және қазақтың тұңғыш операсы туралы әңгіеленді.

Осы маусымда біз музыканы қалалық феномен ретінде қарастырдық, оның біздің үйлерге кіріп, көшелерде естіле бастағаны және радиосигналмен зорайтылып, миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап алғаны туралы әңгімеледік.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – бұл қазақ поп-музыкасының дүниеге келген уақыты. Халық әуендерін – мелосты және сол кездегі сәнді саунд-үнді өз әндерінде үйлестіре білген ғажайып талантты композитор, ақын, әнші қыз-жігіттердің заманы.
Ынтымақтастықта жасалған.

Бенефициарлары және 2 маусымның статистикасы:
Soundcloud (хостинг): бүкіл уақытта 34 425 тыңдау.
Топ-5 қала:


БАҚ БЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
2-ші маусым
  • Алматы
  • Астана
  • Семей
  • Атырау
  • Қостанай
Топ-5 ел:
  • Қазақстан
  • АҚШ
  • Ресей
  • Германия
  • Финлядния
98mag:
Baysa: История Казахстанской музыки в Подксте
QAZAQ ROSES
Qazaq Roses — бұл бес қазақ әйелінің бүгінгі күннің призмасы арқылы түсінілген, біз – қазіргі қазақ әйелдері түсінген хикаясы. Подкаст кейіпкерлері – Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Гүлфайрус Исмаилова, Хадиша Бөкеева және Роза Бағланова. Олардың барлығы да – әрқайсысы өзінің саласында елеулі із қалдырған көрнекті әріс, өнер қайраткері. Ал мұның арғы жағында алмағайып ХХ ғасырдағы әйелдің тәжірибесі бар. Зерттеуші Камила Смағұлова олардың өмірбаянын жан-жақты зерттеп, «Қазақтың раушан гүлдері атанған олар – кімдер?» деген сұраққа жауап беруге тырысты.
Qazaq Roses аудиоподкасты EA Group қолдауының арқасында іске асырылды.
ЭПИЗОДТАР
САНЫ:
10
БАҚ
БЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Тәуелсіз Қазақстанның поп-музыка энциклопедиясы
Біз өзіміздің, яғни қазақстандықтардың қалай музыка тыңдағанымызды, концерт пен фестивальдерге барғанымызды, радиоқабылдағыштан, теледидардан және тойларда жаңа музыка туралы қалай білгенімізді, ана тілімізді қалпына келтіріп, заманауи музыкадағы кімдігімізді қалай қалыптастырғанымызды байқап отырамыз. Біз табыс пен сәтсіздік туралы хикаяларды айтып береміз, өзіміздің жергілікті феномендеріміз қалай жасалғанын және заманауи қазақстандықтың мәдени коды қалай қалыптасқанын тікелей білеміз.

Жоба 2023 жылдың қысында басталды, кітаптың релизі 2024 жылдың күзіне жоспарланып отыр.


Тәуелсіз Қазақстанның поп-музыка энциклопедиясы – 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі бұқаралық музыка мәдениетіне арналған алғашқы зерттеу жұмысы. Бұл еңбек еліміздің музыкалық ландшафтын жасаған танымал топтарға, әртістерге, орындаушыларға және ұжымдарға арналады: Үркер тобынан бастап Ninety Оnе тобына дейін, Батырхан Шөкеновтен Қайрат Нұртасқа дейін, Роза Рымбаевадан бастап Dequine-ге дейінгің әртістердің шығармашылығы қамтылған.
БАСПАГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
"Әнсіз өмір – мәнсіз өмір" ән жинағы
Ән жинағын жасауға бізді шабыттандырған – BAYSA подкасты шеңберіндегі зерттеу процесі, атап айтқанда "Той бастар және дастархан үстінде айтылатын әндер"
эпизоды еді.

Ән жинағын Meloman дүкендер желісінен, сондай-ақ Алматыдағы "Тартпа" студиясынан сатып алуға болады.
Бұл ән жинағын Батырхан Шөкенов Қорының ұжымы мен “Тартпа” шеберханасы ерекше сүйіспеншілікпен дайындады. Жинаққа он жеті ән енген. Оның ішінде халық әндері мен қазақ композиторларының таңдамалы шығармалары бар.
БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
Винилдегі Отан Ана
2002 жылы Батыр қазақ тілінде «Отан Ана» атты жеке альбомын шығарды, бұл туралы осы фильмде Binocle командасымен бірге егжей-тегжейлі әңгімеледік.


Биылғы жылы біз Meloman-мен бірлесіп Батырдың тыңдармандары мен шығармашылығын жақсы көретін жандарды қуанту үшін қазақстандықтар үшін ерекше маңызды, винил түріндегі жаңартылған альбомды шығардық.
“Джулия” фильмі
18 мамырда, Батырдың туған күнінде «Алмалы» СО-мен бірлесіп Алексей Берковичтің «Джулия» фильмінің көпшілікке көрсетілімін өткіздік.

Фильмді түсіру жұмыстары 1991 жылы төрт қалада, соның ішінде Алматыда басталды. Кинокартина 1993 жылы шыққан және жұртшылық ерекше жақсы көретін топтың әндеріне негізделген. Фильмнің сюжеті бойынша, Батыр ойнаған жас музыкант бір топта өнер көрсетеді, бірақ басқасы – бір күні кездейсоқ концертіне барған және музыкасын ұнатып қалған «A’Студио» тобы туралы армандайды.
Una Corda
Үшінші - он жетінші қараша аралығында Almaty Gallery кеңістігінде бірегей музыкалық іс- шара - Una CORDA өтті.
Una CORDA іс-шарасының мақсаты қала тұрғындарына аналогтық тасымалдағыштар мен жабдықтың көмегімен саналы түрде музыкамен әрекеттесу үшін арнайы дайындалған акустикалық кеңістікке баруға, музыканы тыңдаудан жаңа эмоциялық тәжірибе алуға мүмкіндік беру болды.

Жоба шеңберінде әртүрлі форматтар: альбомдарды тыңдау, селекторлардың сөз сөйлеуі, музыка туралы дәрістер және әртістердің акустикалық қойылымдары қарастырылды.

Концерттерге Batyr Lab 2021 және 2023 резиденттері: Kuanyshbek Nurgazy, Me and My Invisible Orchestra, ARShAT, dudeontheguitar қатысты. Сондай-ақ Batyr Lab оқытушысы Бауыржан Бисмильдин мұқабалар туралы дәріс оқыды және auen білім беру бастамасы ұсынған музыка туралы дәрістер топтамасы тыңдалды.
Жоба мемлекеттік институциялардың, жеке компаниялардың және төменгі бастамашы ұйымдар күшімен жүзеге асырылды.
КЕЛУШІ
1800
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ РЕПОСТ:
1500
55
БАҚ БЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6
альбом
18
селектор
11
ДӘРІС
8
ӘРТІС
Happy Place Paper x Батырхан Шөкенов атындағы Қор


Happy Place Paper компаниясындағы достарымыз Батырдың туған күніне орайластырып тақырыптық сыйлық қағазы мен арнайы стикерлер жинағын жасады.

Сыйлық қағазы мен стикерпактарды Happy Place Paper және kidsandhome дүкенінен табуға болады.

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!