Қоғамдық қор
есеп
жылдық
2024
«Батырхан Шөкенов атындағы қор»
атынан
2024 жылы біз өз қызметімізді жаңа деңгейге көтеріп, жаңа халықаралық байланыстар орнатып, серіктестіктерімізді нығайту арқылы маңызды жетістіктерге қол жеткізу үшін елеулі қадамдар жасадық. EA Group, Болат Өтемұратов қоры және VISA секілді стратегиялық серіктестеріміздің қолдауының арқасында бұрын бастаған жобаларды сәтті жалғастырып, оларды кеңейтуге, сонымен қатар жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық.

Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі - BATYR LAB 2024 Empowered by VISA білім беру бағдарламасының іске қосылуы болды. Алғаш рет 2021 жылы бастау алған бұл жоба қазақстандық танымал сарапшылар мен менторларды біріктіріп, музыканттарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, кәсіби дамуға және өз аудиториясын табуға жағдай жасайтын ерекше орта қалыптастырды. TicTac брендінің арқасында осы жылы жобаға украиндық әртіс Иван Дорн тәлімгерлік етті.

Біз 2020 жылдан бері жасап келе жатқан BAYSA аудиоподкасты биыл жаңа форматта ұсынылды, яғни үшінші маусым әңгімелесу форматына ауысты. Жүргізушілер, Наргиз Шөкенова мен Айсұлу Тойшыбек, тәуелсіз Қазақстанның музыкалық құбылыстарын талқылап, отандық музыкалық мәдениеттің тарихы мен бүгінгі күнін жаңаша қырынан қарастырады.

Көп жылдық зерттеу жұмысының маңызды нәтижесі «91−23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» атты кітаптың шығарылымы болды. Бұл бірегей туынды музыканың 30 жыл ішінде еліміздің мәдени ландшафтын қалай бейнелеп, қалыптастырғанын зерттейді.

Біз де Батырхан Шөкенов жайлы естеліктерді сақтау жұмыстарын жалғастырдық. Биыл әртістің туған күніне орай біз Батырхан Шөкеновтің сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттерінің көрмесін ұйымдастырдық, ол Batyr x KazakhYuvelir зергерлік бұйымдар топтамасының тұсаукесеріне орайластырылған болатын.

Aviasales.kz сайтымен серіктесе отырып, біз Алматы қаласы бойынша ерекше қалалық маршрутты іске қостық. Бұл маршрут аты аңызға айналған әртістің өмірі және шығармашылығымен тығыз байланысты орындарды қамтиды.

Біздің команда баспа және зерттеу саласындағы қызметін дамыту, заманауи форматтарды іздестіру және халықаралық серіктестермен байланыстарды нығайту жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жыл — біздің барлық жобаларымыз үшін ауқымды кеңейту мен кәсіби даму жылы болды деп мақтанышпен айта аламыз.
ҰЖЫМ
миссия
Жаңа есімдер пайда болуы мүмкін; таланттар өзінің тыңдарманын табатын және дамитын, іске асырылып жатқан жобалар көбірек көрінетін нақтылы және күшті мәдени ортаны қалыптастыруды көздейміз. Біз үнемі білім алу және оны іске асыру жолында ізденісте жүрген, мән-мағына қалыптастыратын және серіктестікке ашық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және мүмкіндік беру маңызды деп есептейміз.

Біз өзара әрекеттесудің, тәжірибе алмасудың және кәсіби қоғамдастықтардың күшіне сенеміз. Біз көкейтесті өнімдерді жасап, оларды кәсіби қоғамдастық үшін де, жалпы кең жұртшылық үшін де қолжетімді, түсінікті және ашық етуді қалаймыз.
қор туралы
“Батырхан Шөкенов атындағы қор” қоғамдық қоры – 2015 жылы әртісті есте сақтау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.
ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Жергілікті мәдениетті зерттеу және оған қайта мән беру
Мәдениет және музыка өнері саласындағы көпсалалы және өзекті жобаларға бастамашлық ету және қолдау
Батырхан Шүкеновтің рухани мұрасымен жұмыс
Баспагерлік қызмет
EA Group Holding — венчурлық капиталға, активтерді басқаруға, сондай-ақ финтех пен жасанды интеллектіні қоса алғанда, әртүрлі технологиялық секторға маманданған, көп функционалды портфелі бар халықаралық инвестициялық компания.
Болат Өтемұратов Қоры — денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру саласындағы жобаларға белсенді түрде қолдау көрсететін мультижобалы қор. Қор 2018 жылдан бері біздің жобаларымызға қолдау көрсетіп келеді.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР
BATYR LAB 2024 Empowered by VISA
7
альбом мен сингл BATYR LAB грантымен жасалынды
Assylzat — 5 thousand miles awaу
13
menrasaitam — Мирас
Keńiritek feat. Steppe Sons — Baiau
alystadyn — DYÑ
БАҚ БЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР САНЫ:
Enendroen — Qudaiga shkrrr
Shashoo —  Sezım dala
5, 500, 000 тг.
БӨЛІНГГЕН ГРАНТТАР САНЫ (бюджетке төленетін төлемдерді есепке алмағанда)
Казахстан
география
Ақпараттық қолдау аясында материалдар 98mag және STEPPE редакцияларымен, сондай-ақ ABR+ қызметі мен Уайымдама подкастының көмегімен дайындалды.
{1/6}
— бұл 2021 жылдан бері музыканттарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, дамуға және өз тыңдармандарын табуға арналған орта құруды көздейтін, үздік қазақстандық сарапшылар мен тәлімгерлерді біріктіретін білім беру бағдарламасы.
{2/6}
Шеберхана тәлімгері ретінде алғаш рет халықаралық деңгейдегі сарапшы – украиндық әртіс, продюсер және композитор Иван Дорн шақырылды. Сонымен қатар, музыкалық менеджмент, интеллектуалдық құқық, музыканы ілгерілету және концерттік қызмет саласындағы білімдерімен жетекші қазақстандық сарапшылар – Эмиль Досов, Ақмарал Мерген, Шоқан Нөкушев, Руслан Якупов, Бауыржан Бисмильдин, Аня Кострюкова және ofnote платформасы бөлісті. Жобаға қатысушылар бірнеше күн бойы тауда Иванмен бірге жұмыс істеп, өздерінің музыкалық жобаларын жүзеге асыру үшін гранттар жеңіп алды.
{3/6}
Жобаның биылғы маусымы BATYR LAB 2024 Empowered by Visa атауымен өтті. Жобаның басты серіктесі ретінде VISA қазақстандық музыканттарды қолдауға және олардың шығармашылығын көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ұсынуға ұмтылды. Жоба аясында компания үздік қатысушыларға 4 ақшалай грант бөлді. Осы гранттардың арқасында олар өз мүмкіндіктерін арттырып, жаңа шығармаларды жасай алды.
{4/6}
Жобаның сараптамалық құрамы Tic Tac серіктестігі арқылы жүзеге асты. Бренд Қазақстандағы жергілікті музыканттарды қолдауға үлкен үлес қосып, биыл Иван Дорнмен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар оффлайн іс-шаралардың маңызды бөлігін құрайтын – нетворкингті жүргізуге де жауапты болды.
{5/6}
BATYR LAB 2024 Empowered by Visa жобасының қорытынды шарасы – көрме-фестиваль болды. Бұл іс-шарада Batyr Lab грант иегерлері өз өнерлерін көрсетіп, БАҚ пен музыкалық индустрия өкілдерінің назарын аудару мүмкіндігін алды.
{6/6}
Резиденция аясындағы жұмыстар VISA, Tic Tac және Hennessy компанияларының қолдауымен жүзеге асырылды.
BAYSA аудиоподкасты, 3 маусым
53%
орташа тыңдау тереңдігі
60
3
бөлім
маусым
98 193 минут
«BAYSA» подкасын тыңдады
Подкаст «Қазақстанның жыл зерттеуі» номинациясын ұтып алды.
Жоба Болат Өтемұратов қорының қолдауымен және BulBul студиясымен бірлесіп жүзеге асырылды.
{1/4}
BAYSA аудиоподкастының алғашқы маусымы Қазақстан жеріндегі музыканың бастауларына арналған болатын. Онда тәңіршіл шамандардың ежелгі ғұрыптары, күйлердің сиқыры және алғашқы қазақ операсының құрылуы туралы баяндалды.
{2/4}
Екінші маусымның тақырыбы – музыканың қала құбылысы ретінде қалыптасуы жайлы. Ол біздің үйлерімізде пайда болып, көшелерге тарап, радио арқылы миллиондаған тыңдармандарға жетті. Бұл кезең, XX ғасырдың екінші жартысы, қазақ поп-музыкасының дүниеге келген уақыты болды. Сол кезде талантты композиторлар, ақындар, әншілер халықтық сарындарды қазіргі музыкалық стильдермен үйлестіре отырып, әндер жазды.
{3/4}
BAYSA подкастының үшінші маусымы әңгімелесу форматына көшті. Жүргізушілер, Наргиз Шүкенова мен Айсұлу Тойшыбек, тәуелсіз Қазақстанның музыкалық құбылыстарын талқылап, олардың маңызы мен әсерін зерттейді.
{4/4}
Жоба Болат Өтемұратов қорының қолдауымен және BulBul студиясымен бірлесіп жүзеге асырылды.
«91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабы
«91–23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» — бұл екі жылдық зерттеу жұмысының нәтижесі, онда Қазақстан музыкасының 30 жыл ішіндегі мәдени ландшафты қалай бейнеленіп, қалыптасқаны баяндалады.
Кітап тұсаукесері 30 қараша күні сағат 17:00-де Marwin Меломан Grand дүкенінде (Гоголя көшесі, 58) өтті.
98 193 минуты или 68 дней!
Столько слушали подкаст «BAYSA» | Подкаст «BAYSA» выиграл в номинации «Исследование года в Казахстане» | 20 852 новых слушателя
открыли для себя подкаст «BAYSA» в этом году
Тираж: 2000 экземпляров
3 сезона | 60 выпусков | 60 000+ прослушиваний на Яндекс Музыке, Apple Podcasts и Castbox | 53% средняя глубина прослушивания
Assylzat — 5 thousand miles awaу
menrasaitam — Мирас
Keńiritek feat. Steppe Sons — Baiau
alystadyn — DYÑ
Shashoo —  Sezım dala
Enendroen — Qudaiga shkrrr
2000
дана таралымда
{1/6}
Негізгі жаңашылдықтар мен ұжымдық көзқарастың жемісі
Кітапты жазу – толық зерттеу жұмысына айналды. Атырау мен Оралдан Алматы мен Қызылордаға дейінгі өңірлерде өскен жобаға қатысушылар мен авторлар өздерінің бірегей көзқарастарын қосып, жұмысты байытты. Біреулер үшін маңызды көрінген нәрсе, басқалар үшін мүлде белгісіз болды. Мұндай айырмашылықтар жобаға екіжақты әсер етті: бір жағынан, бұл қиындықтар туғызса, екінші жағынан, түрлі тәжірибелерді қабылдап, бағалауды үйрену мен өз елінің мәдениетіне деген сүйіспеншілікті тереңірек түсіну үшін шабыт берді.
Неліктен бұл маңызды
Біздің қорымыздың негізгі мақсаты — естеліктер мен рухани мұрамызды сақтау. Біз музыка тек уақыттың рухын ғана емес, сонымен қатар саяси және мәдени өзгерістерді де бейнелейді деп сенеміз. Осы себепті, біздің мақсатымыз — Қазақстанның музыкалық сахнасын қалыптастырған композиторлар, орындаушылар мен жобалар туралы айтудың маңыздылығын ескеріп, мұны келешек зерттеушілер үшін негіз болатын ақпарат көзі ретінде ұсыну. Бастамаларымызды қолдайтын EA холдингі мен мәдени жобалар нарығындағы көшбасшы «Меломан» компаниясы бұл жолда біздің қайталанбас серіктестеріміз бен пікірлестерімізге айналды.
{2/6}
{3/6]
Кітап қалай жазылды
Кітапты жазу — қиын әрі шабыттандыратын еңбек болды. Біз сенімді дереккөздердің тапшылығына тап болдық, сондықтан ақпаратты форумдардан, подкасттардан, YouTube-тен, әлеуметтік желілерден және музыкалық индустрия өкілдерімен сұхбаттардан жинауға тура келді. Осы мәліметтерді Қазақстанның жетекші сарапшыларының кәсіби талдауларымен толықтырдық: Әділ Айжарық (Зamandas подкастының редакторы, '98mag журналының авторы, qazaq indie лейблінің креативті продюсері) және Александр Медведев (сценарист, режиссер, BLVD Magazine және Esquire Kazakhstan бас редакторының бұрынғы орынбасары) зерттеу нәтижелерін эссе түрінде жинақтады.
{4/6]
Кітап қалай жазылды
Кітап бес бөлімнен тұрады, әрқайсысы рок пен рэптен бастап инди-сахнаға дейінгі бірегей жанр немесе музыкалық феноменге арналады. Бұл жай ғана мәтін емес, бұл – мәдени зерттеу жұмысы. Біз оны болашақ ұрпақтар үшін құнды дереккөз ретінде сақталады деп үміттенеміз.
[5/6]
Ұжым пікірі
«Осы «91–23. Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабын жазу барысында біз толыққанды бейне қалыптастыру үшін Қазақстан қоғамының әлеуметтік, саяси және мәдени даму жолын зерттедік. Біз осылайша, елдің музыкалық тарихын зерттеп қана қоймай, өзіміздің ішкі дүниемізді де зерттедік», – дейді Әділ Айжарық.
{6/6}
Ұжым пікірі
«Менің кинематографиялық білімім мен жарнама саласындағы тәжірибеме қарамастан, музыка әрқашан менің басты құштарлығым болды. Өкінішке орай, мен ноталық жазу немесе музыкалық аспаптарды меңгермедім, бірақ «91–23» кітабы маған осы өнерге деген құрметімді көрсетуге және Қазақстанның музыкалық сахнасын дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берді. Мен осы маңызды жобаға қатысқаным үшін және талантты командамен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Бұл кітап басқа зерттеушілерді шабыттандырып, Қазақстанда осындай ауқымды әрі мәдени маңызы бар еңбектер жиі жарияланады деп үміттенемін», – деп бөлісті Александр Медведев.
Батырхан Шөкеновтың сирек мұрағаттық сүреттер көрмесі
Көрме Батырхан Шөкеновтің туған күніне орай, сондай-ақ музыкантты еске алу мақсатында Batyr x KazakhYuvelir зергерлік топтамасының тұсаукесері аясында ұйымдастырылды.
Бұл уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттер осы көктемде кездейсоқ табылып, қайта қалпына келтіріліп, 17-30 мамыр аралығында өткен көрмеге арнайы дайындалды.
{1/5}
Біз Батырдың туған күнін атап өту үшін бірнеше ерекше іс-шаралар өткіздік. Олардың қатарында Batyr x KazakhYuvelir зергерлік топтамасы мен белгілі фотограф Николай Постниковтың фотокөрмесі болды. 18 мамыр күні Батырхан бізбен болса, ол 62 жасқа толар еді.
{2/5}
Atelier Cauchemar галереясында алматылық фотограф Николай Постниковтың архивінен алынған Батырхан Шөкеновтің сирек фотосуреттерін көрермендерге ұсындық. «А’студио» тобының қалыптасу кезеңінен және «Джулия» фильмінің (1987–1991) түсірілімдері барысында Николай түсірген 36 қара-ақ фотосурет көрмеге қойылды. Олардың 20-сы алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды. Гастрольдер мен көшулер барысында сапасын жоғалтқан фотосуреттер «Қазақфильм» киностудиясының фотографы Рафат Бегишевтың арқасында сақталып, Илья Постниковтың көмегімен аналогтық және цифрлық технологиялар арқылы реставрациялануының нәтижесінде баспаға дайындалды.
{3/5}
Николай мен Батыр арасында көпжылдық достық байланыс орнаған. Фотограф Батырханның бүкіл шығармашылық жолында оны үнемі қолдап, топтың қалыптасу кезеңі, «Сағым дүние» клипінің түсірілімі және Алматыдағы Республика Сарайының сахнасында өткен жеке концерттері секілді маңызды сәттерді түсіріп отырды. Оның көптеген жұмыстары культтік мәртебеге ие болды.
{4/5}
Бұл уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттер осы көктемде кездейсоқ табылып, қайта қалпына келтіріліп, 17-30 мамыр аралығында өткен көрмеге арнайы дайындалды.
{5/5}
Сонымен қатар, Батырдың жанкүйерлері үшін Фонд пен KazakhYuvelir зергерлік үйі бірлесіп, ерекше шектеулі зергерлік әшекейлер топтамасын таныстырды. Бұл әшекейлер Батырдың негізгі музыкалық құралы саксофоннан шабыт алған.
KazakhYuvelir x Батыр
{1/3]
Батырхан Шөкеновтың жанкүйерлері үшін Қор пен KazakhYuvelir зергерлік үйінің командасы бірлесіп, арнайы шектеулі зергерлік әшекейлер топтамасын жасап шығарды. Бұл топтама Батырдың ең басты музыкалық құралы – саксофоннан шабыт алды. Топтаманың тұсаукесеріне арналған промо-кампанияға Бауржан Камалович пен Наргиз Шөкенова, Еркеш Шакеев, қазақстандық жас орындаушылар: dudeontheguitar, DAMU және Нургуль Нусипкожанова секілді Батырдың жақын достары мен отбасы мүшелері, сондай-ақ заманауи қазақстандық музыканттар қатысты.
{2/3}
Наргиз Шөкенова, Қор директоры:
«KazakhYuvelir сияқты қазақ мәдениеті мен тарихы үшін үлкен маңызы бар брендпен бірге жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе. Біз Батырдың мұрасын сақтауға және оның құндылықтарын жаңғыртуға барынша күш саламыз. Креативті директор Асель Абилхамит осы ұстанымды толықтай жүзеге асырып, ерекше зергерлік бұйымдарды жасап шығарды».
{3/3}
Асель Абилхамит, KazakhYuvelir креативті директоры:
«Батырхан Шүкенов атындағы Қормен серіктестік – бұл біздің үшін үлкен құрмет. Бір жылға созылған шығармашылық үдеріс нағыз қызықты әрі шабыттандыратын сапарға айналды. Біздің өндірісте сақталған Батырдың саксофоны біз үшін шабыт негізіне айналып, бізді жаңа идеяларға жетеледі».
Батырхан Шөкенов атындағы қор x Aviasales
Выставка была приурочена ко дню рождения артиста и запуску ювелирной коллекции Batyr x KazakhYuvelir в память о музыканте.
Батырхан Шөкенов атындағы қор x Aviasales
Алматы бойынша жаңа маршрут: Батырхан Шөкеновтың сүйікті жерлеріне Aviasales.kz-пен бірге саяхат
{1/2}
Aviasales.kz-пен бірлесіп, Батырхан Шөкеновтың музыкасы мен өміріне арналған жаңа қалалық маршрут жасалды. Бұл жаяу сапар Батырмен байланысты консерватория мен концерт залдарынан бастап, ол жиі барған мейрамханаларға дейінгі атақты орындардан тұрады. Әрбір орын арнайы таңдалған композициялармен сүйемелденіп, қатысушыларға сол заманның атмосферасын сезініп, тарихқа жақындауға мүмкіндік береді.
{2/2}
Бұл жоба қор тарихының ажырамас бөлігіне айналған әртіс үшін маңызды орындар мен қаладағы уақыт рухын көрсететін жаңа кеңістіктерді біріктіреді. Маршруттың негізгі нүктесі – Республика Сарайы, онда Батырдың шығармашылық қуатының белгісі ретінде естелік әрқашан сақталады. Маршрут қала тұрғындары мен Алматы қонақтарына ерекше орындарды ашып, қаланы әйгілі музыканттың өмірі арқылы қайтадан тануға мүмкіндік береді.