Батырхан Шүкенов атындағы үрлемелі ағаш аспаптар орындаушыларының Республикалық байқауы
2018
  • Жоба туралы: 
    2018 жылы Болат Өтемұратов Қорымен бірлесе отырып, жалпы жүлде қоры 5 250 000 теңгені құрайтын Батырхан Шүкенов атындағы үрмелі ағаш аспаптарда орындаушылардың республикалық байқауын алғаш рет өткіздік.

    Байқаудың басты мақсаты – Қазақстанның үрмелі орындаушылық өнерін қолдау және қоғамның назарын аудару, жас дарындарды ынталандыру.

    Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 43 жас орындаушы қатысты, оның ішінде музыкалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері, кәсіби мамандар. Қатысушылар флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон-альт бес номинациясы бойынша өз өнерлерін көрсетті.

  • Қазылар алқасы:
    Қазылар алқасының құрамына халықаралық деңгейдегі шеберлер кірді: Николас Краузе, «Новая Еуропа» оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Франция; Кристиан Элин - саксофонист және композитор, Германия; Николай Попов - флейташы, халықаралық конкурстардың лауреаты, П.И. Чайковский атындағы Үлкен симфониялық оркестрдің солисті, Ресей; Әкім Мұхатжанов – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Таңатар Нұралы – Құрманғазы  атынд. ҚҰК  гобой сыныбы бойынша профессоры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі; Жанат Ерманова –  Құрманғазы  атынд. ҚҰК кларнет сыныбы бойынша профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
    Байқаудың финалында жас музыканттар "Камерата Казахстана" оркестрі мен Николас Краузенің сүйемелдеуімен Моцарт пен Глазуновтың концерттік туындысын орындады. Франциядан келген қазылар алқасының өкілі бұл кеште әйгілі ансамбльдің дирижері ретінде өнер көрсетті.

Ағаш үрмелі орындаушылардың Батырхан Шүкенов атындағы бірінші республикалық байқауының жеңімпаздары:
  • "Флейта" номинациясы бойынша ІІ жүлдені Елібаева Хадиша (Астана), ІІІ орынды Солтыханова Роза (Астана) иеленді.

    "Гобой" номинациясы бойынша I жүлдені Жайлаубаев Алмат (Астана), ІІ жүлдені Алиев Ислам (Астана), ІІІ жүлдені Лилия Абдрахманова (Астана) жеңіп алды.

    "Кларнет" номинациясында ІІ жүлдені Дауткан Тілек (Астана) иеленді.

    "Фагот" номинациясы бойынша Аширматов Олжас (Алматы), ІІ орынды Данабек Ерқанат (Алматы), ІІІ орынды Сапабеков Талғат (Алматы) жеңіп алды.

    "Саксофон-альт” номинациясы бойынша Мусаипов Арухат (Алматы) жеңіп алды, II жүлде Бемм Артурға (Алматы) және III жүлде Мәдениетов Мадиге (Алматы қ.) берілді.
    Байқаудың дипломанттары Дәркенбаева Аружан (флейта, Алматы), Данильченко Анна (кларнет, Алматы), Дәулет Толғанай (кларнет, Астана) атанды.