Batyr Lab 2021
Batyr Lab резиденциясы туралы
Batyr Lab музыкалық резиденциясы – Батырхан Шөкенов атындағы Қор мен Болат Өтемұратов Қоры құрған музыканттар мен композиторларға арналған Орталық Азия аумағындағы алғашқы білім беру-тәжірибелік платформа. Batyr Lab резиденциясы композиторлардың әлеуетін ашуға және оларды жаңа тұжырымдамалық деңгейге көтеруге бағытталған.
Білім беру бағдарламасы композитордың рөлін қайта қарастыруға арналды және заманауи музыкалық жобаның жаңа мүмкіндіктерін, қырлары мен үміттерін ашты - авторлық құқықтан, іс қағаздарын жүргізуден, маркетингтен және менеджменттен бастап тұжырымдамалық құрылымдарға дейін: ынтымақтастықтың күші, мәдени кодтарды пайдалана білу, өкілдік, жергіліктік және глокальдылық.

Шеберлік сабақтарынан басқа, Batyr Lab резиденттері орындаушылармен - Жанат Ермановтың ағаш үрмелі аспаптар квинтетімен және Нұрболсын Төлеуханның брасс-бэндімен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар үшін заманауи композиторларды үрмелі аспаптарға музыка жасауға ынталандыру және қатысушыларға ұжымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру маңызды болды.
Batyr Lab-тың келесі кезеңі қатысушылардың әрқайсысына олардың шығармашылық жобаларын іске асыру үшін жарты миллион теңге көлемінде гранттар беру болды; міндетті шарт - Батырға тағы бір құрмет ретінде үрмелі аспаптармен жұмыс істеу болды. Batyr Lab аясында әр түрлі альбомға біріктірілген 8 шығарма жасалды және жазылды - бұл қатысушыларға іс-қимыл еркіндігі берілген, кураторлық қолдау көрсетілген және ынтымақтастық пен шығармашылық үшін жағдайлар жасалған тәжірибенің нәтижесі.
Резиденцияның шақырылған спикерлері болды: In Simple консультациялық бюросының негізін қалаушы Алексей Николаев, мәскеулік диджей және продюсер, In-Beat-Ween лейблдың негізін қалаушы Александр Lay-Far, заманауи Қазақстанның ірі композиторларының бірі Қуат Шілдебаев, композитор және Eegeru ансамблінің жетекшісі Санжар Бәйтереков және продюсер, Juzz Entertainment лейблдың негізін қалаушы Ерболат Беделхан.
«Batyr Lab» композиторларына арналған көшпелі резиденция 2021 жылдың маусым айында Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында өтті, онда музыкалық бизнес туралы шеберлік сыныптары өтіп, дыбыс жазу студиялары жабдықталды.
Конкурстық іріктеу нәтижесінде резиденцияға қатысуға Арыстанбек Абай, Әсия Оспанова, Виктория Пак, Дамир Үйсімбаев (DAMU), Дария Нұртазина (k.o.k.o.n.j.a), Жеңіс Нұрғалиев (Soulman), Константин Кохан (me and my invisible orchestra), Назия Әлжанова (nasiafromasia), Сатжан Шаменов (Satzhan Project) және Шырын Базарқұлова шақырылды.

кезеңдер
Batyr Lab 2021
Желтоқсан 2021
Шілде - Қазан 2021
Таныстырылым
Гранттар беру және шығармалармен жұмыс жасау
Наурыз - Сәуір 2021
Орталық Азия композиторлары арасындағы байқау
Маусым 2021
Білім беру тренингтері
РЕЗИДЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Виктория Пак
(Tori Park)
ӘНШІ, КОМПОЗИТОР
Сатжан Шаменов
(Satzhan Project)
композитор, ПИАНИНОШЫ
Асия Оспанова
ӘНШІ
Женис Нургали
(Soul Note)
МУЗЫКАНТ, ПИАНИНОШЫ ЖӘНЕ ВОКАЛИСТ
Дария Нуртазина
(K.O.K.O.N.J.A)
САУНД-СУРЕТШІСІ
Шырын Базаркулова
композитор
Назия Альжанова (NASIAFROMASIA)
ӘНШІ, JAZZ, POP, R'N'B, NEO-SOUL ОРЫНДАЙДЫ
Арыстанбек Абай
КОМПОЗИТОР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЛАУРЕАТЫ, АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒЫТТА МУЗЫКА ЖАЗАДЫ
Дамир Уйсумбаев
(Damu)
КОМПОЗИТОР, САКСОФОНШЫ
Константин Кохан
(Me and my invisible
orchestra)
ДЫБЫС РЕЖИССЕРЫ ЖӘНЕ ПРОДЮСЕР
қатысушылар
грантқа ие болған Batyr Lab
BATYR LAB ЗАМАНАУИ КОМПОЗИТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІ
- Антон Сомов, музыкатанушы
Batyr Lab музыкалық резиденциясының әр қатысушысы – заманауи музыкалық-орындаушы және композитор. Музыканттар түрлі бағытта музыка тудырып, түрлі аспаптарды, құрам мен технологияларды пайдалана отырып, жанрларға және музыкалық құралдарға тәжірибе жасайды. Олардың кез келген коллаборациясы саналы шығармашылық процеске айналады, ал оның мақсаты – тыңдарман мен өнердің алуан түрі арасында байланыс орнату. Олар музыканы заманауи дербес мазмұнға толтырып, махаббат, табиғат, адами қарым-қатынас, ішкі әлем немесе «ештеңе істемеудің» қуанышы секілді тіршілік ету болмысына қатысты өз көзқарастарын білдіреді. Музыканттардың шығармашылығы біздер өмір сүріп жатқан ағымдағы сәтті, уақытты, сондай-ақ олардың өмірлік және көркем құндылықтары қалыптастырған жағдайлар мен оқиғаларды көрсетеді.
Композитор, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, академиялық бағытта музыка жазады.
8 жасынан балалар музыкалық мектебінде скрипкада ойнап бастаған. Жоғары сыныпта Дмитрий Валерьевич Останьковичтің сыныбында шығармалармен әуестенеді. 18 жасында профессор Анатолий Николаевич Нименскийдің жетекшілігімен Орал арнайы музыкалық мектебінде (Екатеринбург қаласы, Ресей) композициямен кәсіби түрде айналыса бастайды. «Қазіргі жеткен жетістігімнің бәрі Анатолий Николаевичтің арқасы. Ол маған композиторлық жолға нық сеніммен қадам басып, ойға, образдарға, дыбыстарға, өнерге терең көңіл бөлуді үйретті», - дейді Арыстанбек.

Арыстанбек Абай
"PRAY"
Жас композитордың «Pray» («Мінәжат») шығармаларын алғаш тыңдағанда, айрықша күшті эмоционалды реакция орын алады, бірден оның туындыларына деген қызығушылық пайда болады. Бір жағынан, бұл жап-жас адам осыншалықты ауқымды және жантебірентерлік музыкалық мәтінді қалай жазды деген сұраққа қаласың. Екінші жағынан, таңдап алған көркем материалы таңқалдырады, бұл – Ілияс пайғамбар туралы сюжет. Автор: «Біз үшін пайғамбар отты сақинамен көкке аттанғанда оқиға аяқталады. Ары қарай не болатыны белгісіз. Оның жолындағы бір жағдай ерекше ауыр тиеді, дәл осы жағдай мені қызықтыратын тақырыпқа түсініктеме бере алатын секілді. Оның тәжірбесі менің жолыма сай бола бермейді, алайда мен кей фактілерді, нақтырақ айтқанда: Ілиястің жағдайға байланысты және Құдайға қатысты ұстанымдарын ескеруім керек» дейді.

for chamber ensemble
Jazz, pop, r'n'b, neo-soul орындайтын әнші. Назия музыка шығарып, танымал әндерге, соның ішінде халық әндеріне кавер жазады. Бұл оған джазды орындауда өз тәсілдерін табуға және халықтық музыканы жаңаша түсіндіруге мүмкіндік берді. Назияның шығармашылығы мен өмірлік ұстанымын: «Алаңдағы жалғыз жауынгер де – жауынгер!» деген ұраны айшықтап береді.
Назия ұзақ уақыт бойы музыкамен кәсіби түрде айналысқысы келетінін мойындамады, сондықтан да оның алғашқы салалық мамандығы – ілеспе аудармашы. Дегенмен, ол вокалмен дайындалуды бастай салысымен, джазды жақсы көріп қалды. 14 жасында Тагир Зариповтың джаз мектебіне түседі (№4 Джаз балалар музыкалық мектебі). Оны аяқтағаннан кейін джаз әншісі Ирэн Аравинадан сабақ алады.

"Kisses"
Бұл биге жақын клубтық энергетикаға ие туынды Назияның өзге шығармаларына ұқсамайды. Әнде джаз лирикалық композицияларына аса көп тән емес, ерекше музыкалық икемділікпен, әуеннің қозғалысымен, ырғағымен берілетін автордың өзге қыры байқалады. Назияның шығармашылық болмысы тың дүниелерге жол тапқандай әсер қалдырады. Аспаптар партиясының табиғи үні, соның ішінде үрмелі аспаптар, электронды түрлеріне алмастырылғанын, ал бұл әнге заманауи «поптық» әрлеу беретінін атай кеткен жөн. Автордың өзі атап өткендей, тірі дыбыспен жұмыс істеу – ол үшін үлкен тәжірибе. Назия өзін дәл осы поп-музыка жанрында байқап көргісі келген.

Nasiafromasia
Назия Альжанова
Классикадан неоклассикаға дейін, поп-музыкадан қойылымдар мен киносериалдардың музыкасына дейін, академиялық бағыттағы композитор ретінде жұмыс істейді. Дегенмен, Шырын біріншісіне көбірек көңіл бөліп, оркестрлік және камералық музыка жазуға мамандандырылған. Оның шығармалары көрегендігімен, мазмұнының тереңдігімен және ұлттық қайнарларды негізге алатынымен ерекшеленеді. Шырын олардың ХХІ ғасырдағы мақсаттарын қайта қарастырып, түсінуге тырысады.

Бойжеткеннің музыкаға деген қызығушылығын әкесі Әмірбек пен анасы Шынар оятқан. Ол алғашқы музыкалық білімді К. Бәйсейітова атындағы РССМШ домбыра класы бойынша алады, тоғызыншы сыныптан кейін теориялық бөлімге ауысып, мектепті бітірген соң, Санкт-Петербург қаласындағы Римский-Корсаков консерваториясына Д.Д. Шостаковичтің шәкірті профессор Александр Дереникович Мнацаканяннің композиция класына түседі.


Шырын Базаркулова
"Relation"
Брасс-ансамбль үшін «Relation» – еліміздің академиялық үрмелі өнеріне қосылған нағыз қазынамен тең, себебі музыка көрнекі мазмұнға ие, әрі қарапайым сонымен қатар бірегей авторлық тілмен баяндалған. Шығармалар біріктірілген, алайда жеке туынды ретінде де орындала алады. Құрамы – екі труба, валторна, туба.
Оның музыкалық стилінің қалыптасуына және дамуына, мәнерлілік құралдарың таңдау жолында К. Шілдебаев, Т. Қажғалиев, Н. Тілендиев, И. Стравинский, С. Прокофьев, Б. Барток, А. Пярт, Г. Канчелли, В. Лютославский және Р. Щедрин секілді композиторлар ықпал еткен.
Алғашқы пьеса тромбонның лирикалық жеке орындауында ашылады. Әуен қарапайым созыңқылықпен орындалады, орындау мәнері сөйлеу мәнерлілігімен теңестіріледі. Бұл хабарлы үн – терең, құпияға толы, сұраулы интонацияға ие, аздаған тербелмелі қозғалысы бар.

for brass ensemble
Суретші, оның шығармашылық құралдары айналадағы дыбыстар – табиғат, қалалар, музыкалық аспаптар, үн. Оның музыкалық академиялық білімі жоқ. Дария аударма ісімен айналысқан, француз және ағылшын тілдерін біледі. Музыка саласында теориялық білімнің жоқтығы шығармашылық үшін кедергі бола алған жоқ, керісінше, белгілі бір тұрғыда оның тәжірибесін бірегейлендіре түсті.

Дария саунд-артпен айналысады. Осы салаға әжептәуір терең бойлағаннан кейін, ол дыбыс өнерінде методологиялық проблемалар бар екеніне көзі жетті, бұл туралы 1937 жылы Джон Кейдж өз өлеңдері мен музыкалық еңбектерінде сөз қозғаған болатын.

"Qonyr Jel"
Шығарма бізге үйреншікті туындылардан ерекшеленеді, себебі бұл электронды музыканың сирек кездесетін жанры – эмбиент. Айырмашылық жазу мәнері арқылы көрінеді, өйткені бұл тек дыбысты жазумен және «музыкалық» материалды – біздің жағдайымызда үрмелі аспаптармен орындалған желді, жекелеме дыбыстарды жазумен, сұрыптаумен және таңдаумен белгіленетін таза электронды тәжірибе. Сонымен қатар, шығарма созылыңқылығымен және композициялылығымен (нақты бөлімдер мен жиектерсіз он үш минуттық дыбыстық туынды), қабылдануымен (өз-өзіңе медиативті бойлау) ерекшеленеді. Жоғарыда аталғанның бәрі «терең бойлау жолын» құратын екпіннің көмегімен ұйымдастырылады.

K.O.K.O.N.J.A
Дария нуртазина
Музыкант, пианиношы және вокалшы. Көбіне соул және поп жанрларында жұмыс істейді, өз шығармашылығын барынша айқын және толық күш-жігерімен дамытуға тырысады. Дауысының тембрі қызықты, ерекше, соул-орындаушыға жақын келеді. Музыканттардың көбі оны Стиви Уандерге теңеп жатады, ол шын мәнінде Жеңістің стилі мен көркем талғамының қалыптасуына көп ықпал еткен.

Музыкамен бала кезден айналыса бастаған: өлең шығарып, гитарамен сүйемелдеп ән салған. Студенттік жылдарда оны әсіресе джаз үйлесімі қатты қызықтырған, нәтижесінде Жеңіс игерген машықтарын соул және тағы басқа бағыттағы жұмыстары үшін қолдана бастайды.
Soul note
"My Soul"
Ән автордың өмірлік ұстанымын және тереңірек көз жүгіртетін болсақ – жан-дүниесінің күйін білдіреді («soul» ағылшын тілінен «жан» деп аударылады). Композицияның өзіне тән айырмашылығы – еркіндікті, жағымды тыныштықты сезіну, өзіңді және таңдаған жолыңды қабылдау. Оның әр сөзі – бұл өмірдегі өз орныңды түйсінуге жетелейтін энергетикалық ағын.

Әртіс жоғары музыкалық талғамды қалыптастырып, кәсібилігін арттыру үшін орындаушыларға сапалы музыканы көбірек тыңдап, әрі мүмкіндігінше оны орындауы тиіс деп есептейді. Сондықтан да оның шығармашылық процесі – күн сайынғы еңбектен, аспаптармен дайындалудан және жанын тебірентетін, айқын эмоциялар, сезімдер мен күйлер әлеміне терең бойлауға мүмкіндік беретін дыбысты іздеуден тұрады. Шығарманың көркем және дыбыстық бейнесі ақырындап, табиғи жолмен ашыла түседі...

Женис Нургали
Жеті жыл Me and my invisible orchestra, Darkhan Juzz, AIGÜL, sobakasoma, Игорь Бушмелев секілді тағы басқа тәуелсіз қазақстандық сахнаның өкілдерімен бірлесіп еңбек етіп келе жатқан дыбыс режиссері және продюсер. Ол музыкалық релиздерге продюсерлік етіп, әртістерге аранжировка, қойылымдарға музыка жазады, көбіне дрим- және инди-поп, трип-хоп жарнларында жұмыс жасайды. Соңғы рет Константин El Koss деген сахналық атауға ие болған EP шығарды. Сондай-ақ Константин электронды музыка жазады, әрі пост-продакшнмен айналысады.

"Never fall in love"
Ұжымның музыкалық дәстүрге бағытталған әні – бір кездері қалыптасқан көркем құндылықтардың маңыздылығын түсінуге, тарихты сезінуге мүмкіндік беретін кемеліне жеткен табысты шешімнің үлгісі. Ән ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы мәнерде, блюзбен үйлесім таба отырып америкалық джаз жанрында жазылған. Ұжым мүшелері атап өткендей, «бұл композиция Билли Холидей, Дина Вашингтон, Пэтси Клайндердің дәуірін өз басыңнан өткеріп, сезіну үшін дүниеге келген. Бұл жалғыз жүруге және бәрін жалғыз өзі жасауға үйреніп қалған адамның өзіне қатысты аздаған ащы мысқыл қосылған ағынан жарылуы. Ол ешқашан ешкімді жақсы көре алмаймын ба, ешкімге сенім артпаймын ба деп қорқады. Алайда кейіпкеріміз махаббатсыз біреумен бірге болғысы келмейді».

Me and my
invisible orhcestra
константин Кохан
Музыканы заманауи музыкалық тыңдарман мен орындаушылардың талғамына жалтақтамай жазатын композитор, саксофоншы. Бұл көбіне өзге бағыттармен үйлесім тапқан синтездегі рок, алайда өзіне тән ерекшеліктерге – яғни, Дамирдің жеке композициялық тәсілдерімен толықтырылған: кемелдік пен емін-еркіндік, құйындай салуы. Ол ұсақ музыкалық қарама-қайшы компоненттерді бір музыкалық негізде байланыстыра білген. Музыкант jazz, ethno, art rock, indie rock, fusion, ethno rock, jazz rock бағыттарында жұмыс істейді.

Damu
"Apashkas Dance"
Музыкалық туындының атауы оның мазмұнын білдіріп тұр – оның мақсаты да сол. Дегенмен, кей жағдайларда, шығарманың атауы нәтижемен үйлеспей жатады, болмаса тіпті қарама-қайшы келеді. Мұның өзі түпкі ойдың бірегейлігінің, автордың шындыққа деген көзқарасының көрсеткіші бола алады. «Apashkas dance» композициясында би жанрының белгілері болуы керек немесе қандай да бір оқиғаны баяндауы тиіс деп қабылдауымыз мүмкін. Автордың өзі шығарманың қазақстандық той-бизнеске «реверанс» екенін айтады. Алдымыздан индустрия үшін дәстүрлі музыкалық материал шығады, болмаса – музыка тілі арқылы оған деген көзқарасты ұсынады деп күтуге болады.

Дамир Уйсумбаев
Музыка оның өмірінде бірден дәл бүгінгідей маңызды орынды иелене қойған жоқ. Бала кезінен Виктория шіркеуде ән салып, көптеген әндерді тыңдап, музыкалық және әдеби тілге терең мән берген, алайда музыка өмірінің және кәсібінің негізіне айналады деп ойламаған. Виканың әкесі үнемі ұйқыға жатар алдында оған музыка қосып беретін болған, себебі қызының бойында жоғары музыкалық талғам қалыптасқанын қалаған. Ол Үштөбеде дүниеге келген, Қытайда «Халықаралық экономика және сауда» бағыты бойынша білім алған. Алайда бұл саланың өзіне жақын емес екенін түсінген. Тілдерді меңгеріп, әсіресе, ағылшын тіліне қызығушылық танытып, оның мәнерлі мүмкіншіліктеріне, айтылу ерекшелігі мен лексикасына тәнті болған.

"Особенная"
Лаундж бен поптан құралған ақжарқын ән. Алғашқы стиль шығарманың басында жұмсақ үннің, ары қарай біртіндеп дами түсетін икемді алмасулардың арқасында, еркіндік әсерін тудыруға көмектеседі. Екіншісі мәтіннің қолжетімділігі, әуенді жеңіл жеткізу және оның қарапайымдылығы арқылы жүзеге асады. Орындау мәнері – шумақтардағы әндету және гитара мен кернейдің сүйемелдеуіндегі шумақтардағы кең жеңіл ырғақты созылымдар.

Автордың көзқарасын ескерер болсақ, «жазылған және ұсынылған мәтін тыңдарманға ақпаратты жеткізуі тиіс», әрине, мәтінге мән бересің. Біздің жағдайда бұл – екі ғашық, олардың эмоционалды байланысы туралы әңгіме.

Tori park
виктория пак
Batyr Lab альбомын жарыққа шығару
Batyr Lab-тың келесі кезеңі қатысушылардың әрқайсысына олардың шығармашылық жобаларын іске асыру үшін жарты миллион теңге көлемінде гранттар беру болды; міндетті шарт - Батырға тағы бір құрмет ретінде үрмелі аспаптармен жұмыс істеу болды.
Batyr Lab аясында әр түрлі альбомға біріктірілген 8 шығарма жасалды және жазылды - бұл қатысушыларға іс-қимыл еркіндігі берілген, кураторлық қолдау көрсетілген және ынтымақтастық пен шығармашылық үшін жағдайлар жасалған тәжірибенің нәтижесі.

Альбом жергілікті музыка индустриясының алуан түрлілігін көрсетеді - бұл өзіндік ерекшелігі, көп мәдениеттілігі және тәжірибелілігі. Топтамада жергілікті көрерменге танымал әртістер де, жаңа дебютанттар да ұсынылған. Альбом 17 желтоқсаннан бастап барлық стримингтік қызметтерде қолжетімді.
17 желтоқсанда біз джаз, классика, поп және этно-фолк сияқты мүлде түрлі жанрдағы 8 бірегей туындыдан тұратын Batyr Lab альбомын шығардық. Альбом барлық сандық платформаларда американдық музыка дистрибьюторы The Orchard-пен серіктестікте шығарылды.
альбом
Batyr Lab Vol.1
TRACK LIST:

1. Soul Note - "Мой Soul"
2. Damir Uissumbayev - "Apashkas Dance"
3. Nasiafromasia - "Kisses"
4. Arystanbek Abai - "Pray" for chamber ensemble
5. Tori Park - "Особенная"
6. Shyryn Bazarkulova - "Relation" for brass ensemble
7. Me and my invisible orchestra - "Never fall in love"
8. K.O.K.O.N.J.A - "Qonyr jel"
резиденция туралы фильм
Резиденцияның нәтижелерінің бірі Рустам Әбеновтің музыкалық резиденцияның күнделікті өмірін: ол «Batyr Lab музыкалық резиденциясы не үшін өткізілді» деген ең маңызды сұраққа жауап бере отырып, резиденцияның қалай өткенін, қатысушылар немен айналысқанын және не туралы алаңдағанын ашатын жоба туралы фильмінің шығуы болды.
Хрестоматия
КАТАЛОГПЕН ЖҰМЫС ІСТЕДІ:

Орыс мәтінінің редакторы: Майя Акишева
Мәтіндерді қазақ тіліне аудару: Индира Әлімханова
Қазақ мәтінінің түзетушісі: Нұрбол Нұрахмет
Мәтін авторлары: Наргиз Шөкенова, Антон Сомов
Фотографтар: Елена Сорокина, Сабина Амангельдина
Дизайнер: Азиза Киреева
Batyr Lab - 2021 резиденциясының тағы бір нәтижесі мүшелер мен қатысушылардың өмірбаяндарын, резиденция күнделіктерін және жазылған шығармалар туралы сыни мақалаларды, партитуралар мен ән сөздерін қамтитын екі тілді оқулық каталогын шығару болды. Мәтіндерді музыкатанушы Антон Сомов дайындаған және біздің онымен жұмысымыз – бұл заманауи Қазақстанда музыкалық сын мәдениетін енгізу және музыканттарымыз үшін кәсіби кері байланысты қамтамасыз ету әрекеті. Каталогтың таралымы – 70 дана. Каталог таралымының бір бөлігі қонақтарға альбомның тұсаукесерінде ұсынылды, ал қалған бөлігін қор тобы үрмелі репертуарды толықтыру үшін оқу орындары мен музыкалық топтарға жіберді.
ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАР
Insimple Бюросының негізін қалаушы және бас сарапшы
Алекс Николаев
Алматылық Dj, музыка әуесқойы және коллекционер

Арсен Рысдаулетов
DJ
Тогжан Касенова
DJ және продюсер, In-Beat-Ween Music лейблдың негізін қалаушы
Александр LayFar
жоба командасы
Музыкалық топтар
резиденция фотосуреттер
Бауыржан Сабитов
резиденцияның сэт-дизайны
Жанель Шахан
“Батырхан Шөкенов атындағы қор” қоғамдық қоры қамқршылық кеңесінің басшысы
Бауржан Шукенов
музыкантушы
Жанат Ерманов атындағы Мемлекеттік үрмелі аспаптар квинтеті
Қазылар алқасы
музыкатанушы, қоғам қайраткері, журналист, ұстаз, «Игеру» заманауи музыкалық ансамблінің директоры
Раушан Жұманиязова
музыка сарапшысы, DJ
Нурберген Махамбетов
Insimple Бюросының негізін қалаушы және бас сарапшы
Алекс Николаев
Тәлімгерлер
Дәріс берушілер
Антон Сомов
Нұрболсын Төлеуханның брасс-бэнді
Сөз сөйлегендер
«Игеру» заманауи музыкалық ансамблінің көркемдік жетекшісі
Санжар Байтереков
композитор
Куат Шильдебаев
продюсер, Juzz Entertainment лейблдың негізін қалаушы
Ерболат Бедельхан
резиденция туралы фильм
Рустам Абенов
резиденцияны сәйкестендіру дизайны
Азиза Киреева
2021 резиденция серіктестері
BATYR LAB 2021 ТУРАЛЫ БЫЛАЙ ДЕП ЖАЗАДЫ