Марканың негізі әншінің Алматыдағы студиясында фотограф Жанарбек Аманқұлов жасаған портреті болды. Маркалармен бірге арнайы ашық хаттар жинақтары жасалды, олардың дизайнын жергілікті дизайнерлер мен суретшілер – Мими Ильницкая, Азиз Мелибаев, Нұрбол Нұрахмет және Әсел Нүсіпқожанова бірлесіп әзірледі.
«Марка үшін нысанды ұзақ уақыт бойы іздедік: портрет салдық, графика жасадық. Бірақ, Қазпошта мен Цифрлық даму министрлігінде естелік маркаларға қатысты қатаң ережелер бар екені белгілі болды: олар тек екі түсті болуы мүмкін, сондықтан фотосуретті таңдауды жөн көрді. Бұл фотосуретте Батыр өмірінің ең бақытты кезеңдерінің бірі бейнеленген. Адамдардың есінде дәл осындай болып қалғанын қалаймыз».