5d37e3841df91.jpg

2019-2020 оқу жылына арналған Батырхан Шөкенов атындағы стипендия

Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қор Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен төмендегі оқу орындарының студенттері мен оқушылары үшін 2019-2020 оқу жылына арналған Батырхан Шөкенов атындағы стипендия туралы жариялайды:

1. Стипендияны ізденуден тек жоғарыда аталған оқу орындарының төмендегі аспаптар топтары (санаттары) бойынша оқитын студенттері мен оқушылары ғана үміттене алады:

Ағаш үрмелі музыкалық аспаптар:

  • гобой
  • кларнет
  • саксофон
  • фагот
  • флейта

Мыс үрмелі музыкалық аспаптар:

  • валторна
  • тромбон
  • керней
  • туба

2. Стипендия – стипендия алушының есеп айырысу шотына қаражатты аудару жолымен төленетін бір жолғы төлем.

2019-2020 жылдарға берілетін стипендиялар саны:

  • Аталған жоғары оқу орындары үшін бір стипендиатқа 500 000 теңге мөлшеріндегі алты стипендия
  • Аталған мамандандырылған мектептер үшін бір стипендиатқа 250 000 теңге мөлшеріндегі төрт стипендия

3. Кәмелетке толмаған ізденушілер кәмелетке толған өкілінің (ата-анасы/ қамқоршысы/ мұғалімі) байланыс деректерін беруге міндетті.

4. Өткен жылғы стипендия лауреаттарының, тәуелсіз іріктеу комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ Болат Өтемұратов Қорының және Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қор қызметкерлерінің ең жақын туыстарының конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

5. Стипендияны ізденуден тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үміттене алады.

6. Іректеу екі сатыда өтеді: онлайн-тур және бірінші турдан өткендерге арналған сұхбат.

7. Стипендиаттар сыйлықтарды алғаннан кейін фото және бейнетүсірілімге қатысуға келіседі.

  1. Батырхан Шөкенов атындағы стипендияны алу үшін берілетін онлайн өтінімді https://batyr.foundation/ ресми сайтында  2019 жылдың 15-ші тамызына дейін қалдыру керек
  2. Өтінімде мыналар көрсетіледі:

2.1.Арнайы сауалнамадағы ізденуші туралы негізгі ақпарат

2.2. Ізденушінің конкурстық шығарманы Youtube немесе Vimeo арнасында орындағанының бейнежазбасы

Бейнежазбаға қойылатын талаптар

  1. Бұл бағдарламалық талаптар тізіміндегі шығармалар орындалған бір бейнежазба.
  2. Жазба өтінім берілгенге дейін 3 ай қалғаннан ерте жазылмаған болуға тиіс.
  3. Бейнежазбаның бас жағында ізденуші аты-жөнін, оқу орнын және өзі орындайтын шығармаларды атауға міндетті.
  4. Бейнежазба монтаждалған немесе редакцияланған болмауға тиіс.
  5. Пианиномен сүйемелдеуге жол беріледі.
  6. Бейнежазба Youtube, Vimeo арналарына сілтемелер түрінде қабылданады.

Бағдарламалық талаптар

аспап

шығармалар

флейта
гобой
фагот
саксофон
керней
тромбон
туба

 

түрлі сипаттағы екі пьеса (жалпы бейнежазба көп дегенде 15 минутты құрайды)

 

кларнет

 

Мамандандырылған мектептердің оқушылары үшін:

Ф. Пуленк Кларнет пен фортепианоға арналған соната

 

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін:

1. Ф. Пуленк Кларнет пен фортепианоға арналған соната

2. И. Стравинский Кларнет солосына арналған 3 пьеса

валторна

Мамандандырылған мектептердің оқушылары үшін:

 

Ф. Штраус «Интродукция, тақырып және вариациялар»

 

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін:

 

1. В. А. Моцарт Оркестрдің сүйемелдеуіндегі валторнаға арналған №4 концерт, I бөлім (валторна мен ф-ноға ыңғайланған)

2. Виртуоз пьеса (көп дегенде 7 минут)

1-саты: Өтінімдерді қабылдау – 2019 жылдың 15 қыркүйекке дейін

2-саты: Өтінімдерді өңдеу – 2019 жылғы 30 қыркүйекке дейін

3-саты: Нәтижелерді жариялау – 2019 жылғы 5 қазанға дейін

Іріктеуді қазылар алқасының мүшелері – орындаушылық өнер саласындағы сарапшылардан және Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қордың өкілдерінен құралатын тәуелсіз комиссия жүзеге асырады.

Онлайн турда іріктеу аяқталғаннан кейін комиссия екінші турға іріктеліп алынған үміткерлерді сұхбатқа шақырады. Сұхбатқа шақырудың әлі стипендияны алды деген растау емес екеніне назар аударыңыз.

Стипендияны иеленушілерге тәуелсіз комиссияның шешімі туралы электрондық пошта арқылы және Батырхан Шөкенов атындағы қордың https://batyr.foundation/ ресми сайтында 2019 жылғы 16-ші қыркүйек хабарланадыКомиссияның шешімі түпкілікті және талқылануға жатпайды.