605065cfddae3.jpg

ЖОБА ЖАЙЛЫ: 


Batyr Lab заманауи қазақстандық композиторларға арналған музыкалық резиденциясы - музыкалық зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге арналған зертхана. Резиденция музыканттар, суретшілер, продюсерлер мен композиторлар арасындағы ынтымақтастық және ашық оқу-тәжірибелік алаң болады.

Бұл музыкалық Резиденцияның ерекшелігі үрмелі аспаптарды пайдалана отырып туынды жазып шығару. Сонымен бірге Батырхан Шөкенов атындағы қордың байқау және стипендия лауреаттарымен бірге жұмыс жүргізу.

Музыкалық резиденция аясында музыка индустриясы және өндіріс негіздері бойынша халықаралық сарапшылар қатысатын екі шеберлік сағатын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар музыкалық шығарма тұжырымдамасын құру үшін жеке шығармашылыққа арналған қосымша уақыт беріледі. Batyr Lab музыкалық резиденциясында екі музыка студиясы болады. Резиденция қорытындысы бойынша музыкалық туындыны студияда жазу, партитурасын жасау сынды қосымша жұмыстар үшін композиторларға арнайы гранттар бөлінеді.

Музыкалық туындыларды насихаттау үшін Қор концерттік жазба ұйымдастырады, опубликует произведения на стриминговых платформах, а также выпустит нотный сборник и хрестоматию резиденции. 

Орны мен уақыты: Байқау Алматы облысындағы демалыс үйінде/шипажайда 2021 жылдың маусымның 19 мен 26 арасында өтеді. Музыкалық резиденцияның ұзақтығы - 7 күн.

Музыкалық резиденцияның бағдарламасы
Музыкалық резиденцияның төрт кезеңі бар:

  1. Кураторлардың қолдауымен резиденцияға  дайындалу (мамыр 2021).
  2. Алматы маңындағы музыкалық резиденцияға тікелей қатысу (маусым 2021 ж).
  3. Студияда жұмыс, туындының партитура және фонограмма түріндегі соңғы нұсқасын шығару (шілде-тамыз 2021)
  4. Шығарған музыканы насихаттау, жарнамалау  (қыркүйек-қараша 2021).

Жиі қойылатын сұрақтар

 

Өтініш беру

 

КОМПОЗИТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕЗИДЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ 

 

Байқау туралы:

Жобаға қатысуға 10 композитор іріктеледі.

Жасы: жарысқа 18-ден 45 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қатысушылар географиясы: Алматы қаласынан және Қазақстанның басқа аймақтарындағы композиторларды шақырамыз. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтардан қатысушылардың санын үш адамға шектеуге мәжбүр болып отырмыз.

Байқауға қатысуға өтініштер: резиденцияға қатысу үшін сіз сауалнаманы толтырып, шығармаларыңыздың үш түпнұсқа аудиожазбасының сілтемесін беруіңіз керек (mp3 форматында).  

Байқау комиссиясы авторлық емес жұмыстардың каверын/өңдеуін/өзгертілген нұсқасын қарастырмайды. Өтініш беруші ұсынылған жұмыстар үшінші тұлғалардың авторлық және құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік береді.

Өтініш беруші ұсынылған жұмыстар үшінші тұлғалардың авторлық және құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік береді.

Музыкалық резиденцияға қатысуға өтініштер 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін 23:59-ға дейін қабылданады.

Төлем және тұрмыстық жағдай: Қор музыкалық резиденцияға қатысушыларға жол жүру және тамақтану шығындарын төлейді. Музыкалық резиденцияға қатысушылар бір/екі кісілік бөлмелерге орналастырылады.

 

Ескертпе: байқауға ұжымдық өтініш берген кезде резиденцияға тікелей қатысуға бір адам алынады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде Қор тобы өтініштердің байқау регламентінің талаптарына сәйкестігін қарастырады және үміткерлердің алғашқы тізімін жасайды.
  • Байқаудың екінші кезеңінде өтініштерді тәуелсіз қазылар алқасы қарастырады, олар музыкалық резиденцияға қатысатын 10 адамды анықтайды. Қазылар алқасы Қазақстанның музыка индустриясының өкілдері болады.

Байқау комиссиясы соңғы әрі нақты шешім шығарады. Шешімге  шағымдануға болмайды. 

Резиденция қорытындысы бойынша Қор музыкалық туындыны студияда жазу, партитурасын жасау сынды қосымша жұмыстар үшін қатысушылар арасында гранттар байқауын өткізеді (гранттың жалпы соммасы 5 000 000 теңге)

Жобаны іске асырған соң барлық грант иелері оңайлатылған қаржылық есепті ұсынуы тиіс.

 

 

Музыкалық резиденцияға қатысушылардың міндеті:

  • Музыкалық резиденцияға қатысушылар резиденцияда физикалық түрде болуы және бағдарламаға қатысуы керек.
  • Музыкалық резиденция барысында қатысушы фото және видео түсірілімге келісім беруі керек. Қор фото және видео материалдарды көпшілікке ұсыну құқығының барлығын ескертеді.
  • Грант иегеріне партитура және дайын фонограмма түрінде (wav форматында) өндірілген туынды үшін заңды жауапкершілік жүктеледі. 
  • Грант алушыға қаржылық есеп беруді және жобаның жарнамалық шараларына қатысуы керегін (сұхбат, презентация, концерт) ескертеміз. 

 

Шығармалардың түпнұсқалығы:

  • Музыкалық резиденция аясында шығарылған барлық музыка туындылар осы жоба үшін арнайы жасалған түпнұсқа болуы керек. 
  • Плагиаттың кез-келген түріне қатаң тыйым салынады. 
  • Плагиат анықталған жағдайда жобадағы жауапты қатысушы дереу жобадан шығарылады. 

Қор резиденцияға қатысушының авторлық құқықты бұзғаны және одан әрі сот ісін жүргізгені үшін жауап бермейді.

 

Авторлық құқық:

Қор мен қатысушылар резиденция аясында жасалған барлық соңғы жұмыстарға авторлық құқыққа тең ие болады.

 

Қосымша шарттар:

  • Қор өтініштерді байқау туралы ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдамауға құқылы. 
  • Байқауға қатысу дегеніміз - байқауға қатысушының байқау туралы ережемен  және  әділқазылар алқасының шешімімен келісетіндігін білдіреді.

Барлық сұрақ бойынша:

lab@batyr.foundation 

+7 7017882317 (Гаухар)

+7 701 7191694 (Аида)