Табиғат пен қоршаған орта көшпелі халықтың өмірінде ерекше орын алады, өйткені тұрмысы соған байланысты болды. BAYSA подкастының жаңа эпизодында күміскөмей әншілердің кең дала, өзен, көл, тауды жырлап, құстармен сырласып, жануарын жоқтап, жан азабын әнге айналдырғаны туралы әңгімелейміз.
Дәрісті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, докторант Бағлан Бәбіжан дайындады. Дәрісті оқыған – Бексұлтан Бағытжан.
Эпизодты дайындауға ғылыми кеңесші Раушан Жұманиязова, дыбыс режиссері Дәуіт Жантасов, продюсер және редактор Айсұлу Тойшыбекова атсалысты.
Эпизодта қолданылған музыкалар Карина Абдуллинаның жеке мұрағатынан, Bilim TV мен Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінен алынды, сондай-ақ The Buhars пен Ахан Отыншиевтің шығармалары пайдаланылды.