«Альбом үстіндегі жұмыс ұмытылған және ұзақ уақыт үнсіз қалған оқиғаларды ашуды талап етті. Осы тәжірибемен бөлісе отыра, басқа адамдарды өзін-өзі тануға шабыттандыра алатыныма сенемін»
Roots — визуалды сүйемелдеуі бар 5 әннен тұратын EP-сериал. Ол менің ата-бабамның тарихы арқылы психологиялық мұратты іздейді.
Тыңдарман менің әлеміме — жарақаттарды түсінуден олардың емделуіне дейін саяхат жасайды.
«Альбом менің өзіме жақын. Не көрдім, не оқыдым, қалай өстім, не нәрсеге және қалай сендім, өзім қалай өзгеріп, айналадағы адамдарды қалай өзгертетініме жақын»
Менің жобам бірінші альбомға қарағанда одан да жетілген адам туралы болады. Ол адамның рухани жолына (ата жолына), өзін іздеуіне, сенім, мәдениет және болмыс тұрғысынан өз-өзіне жүгінуге арналған.
Бірақ бұл альбом тек қазақ немесе дала этникасымен ғана байланысты деуге болмайды. Этника сөзін мен жалпыадамзаттық, жаһандық, сонымен бірге өте жеке нәрсе деп түсінемін.
«Менің ойымша «табысты табыс» құбылысынан арылу керек. Адамдар үшін табыс ұғымын объективті түрде, өз өмірін басқа біреумен уытты салыстырусыз қарауға мүмкіндік беру маңызды»
Менің тақырыбым интернетте кездесетін көркем бейнелер туралы рефлексияға — әлеуметтік желілер мен ақпарат өрісіндегі біреудің уайымсыз, “табысты” өміріне қалай тамсанатынымыз туралы. Бұл жақындарымызбен: отбасымен, достармен, сүйгенімізбен қарым-қатынасымызға тікелей әсер етеді.
Адамдарға “табыс” ұғымына объективті түрде қарауға мүмкіндік беру маңызды. Жоқ идеалды іздеумен күннен күнге назарымыз азаятын кішкентай ғана ғаламда әрқайсымыздың жеке бақытымыз бар.
«Бастан кешкен тәжірибе — інжуді қабаттап алған құм түйіршіктері секілді. Далалық жазбалар, тіл, ырғақ пен әуен арқылы мен өз хикаямның бөліктерін біріктіріп, жаңа мағына табамын»
Inju шағын альбомы менің есейген шағымнан, естеліктерімнен, байқауларымнан, аралас сезімдерімнен, мәдени болмысымнан және өзімді үлкен бір тұтастықтың бөлшегі ретінде зерттеуімнен шабыт алған.
Продакшнда мен тәжірибе өткіземін, бірақ оны күнделікті өмірге сілтеме жасайтын таныс дыбыстармен толтырамын. Бәлкім бұл дыбыстар ұқсас естелігі бар тыңдарманның жүрегіне жетер немесе оларды өз інжуіне үңілуге — бірегейлігі мен маңызын сезінуге шақырар.
«Уақыт өте менің талғамдарым дәл өзім секілді өзгере түсті. Бұл сезім көбіңізге таныс екеніне сенімдімін. Дәл сол себепті оны музыка арқылы айтқым келді»
Мені қашан да түрлі стильдер қызықтыратын — инди мен балама роктан бастап, қазақ тіліне бейімдегім келген рэпке дейін. Дегенмен маған поп-музыка аясында қалып, өзімді жоғалтып алмау өте маңызды. Басты сын-қатер — шынайылықты сақтау, өзгелердің үмітіне бейімделмей, өз болмысыммен қалу.
Осылайша бір жанр ішінде түрлі дыбыстағы альбом жайлы ой пайда болды. Негізін қалаған поп музыка, алайда оның ішінде рок, джаз, инди мен рэп элементтері бар. turli-tusti-нің басты әні біз әртүрлі нәрселерді — стиль, дыбыстар, сезімдер тіпті қарама-қайшы заттарды қалай жақсы көретініміз туралы баяндайды. Бұл көпқабаттылық бізді ерекше етеді. Біз әртүрлі болуымыз мүмкін, немесе, түстердің тілімен айтқанда, түрлі-түсті бола аламыз.
«Juldyz, 17-дегі әр ән кейіпкер маңызды уайымдар мен жарақаттарға тап болатын бөлек кезең секілді»
aġai aġai — өкпесіз ойын түрінде жасырылған зорлық-зомбылық пен оны қоршаған үнсіздік туралы.
same idea — өзін басқалармен салыстыра отырып, кейіпкер құрбан ететін өзіндік құндылық туралы.
dukende — қияли махаббат пен арыла алмай жүрген қуыршақ серігі жайлы.
Juldyz, 17 — үш әнмен айтылған ер жету туралы хикая. Бірінші бөлім — қауіпті әлемнен өзіңе қашу, екіншісі — үмітке апаратын жол.
«Әр адамның өз мұңы бар, мен бұл жараны таңып, үміт сыйлағым келеді»
Алаңдаушылық, үрей, жалғыздық — бүгінде әр адам тап болатын күйлер. Уайымдарымыз әл-ауқат бетпердесінің артында жасырылған әлемде мұңымыз жайлы және онымен қалай өмір сүруге болатыны туралы ашық сөйлеген маңызды.
Менің жобам — көрінбейтін жаралармен жанасуға мүмкіндік. Бет бұрмай, музыка арқылы емдеп, аз болса да үміт сыйлау. Бұл тақырып өзімнің жеке уайымдарыммен қатты байланысты.
«Т(өзім) — бұл ішкі өзгерістен басталатын трансформация туралы. Қайғы өсу нүктесіне айналуы жайлы. Және өзің болып қалудың өзі жеткілікті екені туралы».
«Т(өзім)» жобасы — өзіңе, болашағыңа және бәрі де өтетініне (ең болмағанда жеңілдейтініне) сенім. Бұл бір хикая аясында біріккен үш ән: сезімдерің тым өткір болғанда өмір сүру оңай емес, бірақ бұл — тірі екеніміздің дәлелі.
«Тым көп» — «тым көп» болудан қорқатын адам жайлы. Жалғыздық сезімі өсетін үнсіздік туралы.
«Бөлмеде» — үміт пайда болатын сәт: сезімталдық дегеніміз бәлкім күш болар? «Өмір Арпалыс» — шаршағанына қарамастан, кейіпкердің өзі және жанындағы адамдары үшін өз жолымен әрі қарай жүруі.
«Бұл тректер — тексерілген грув емес, сын. Сіз не ойынға кіресіз, не қашасыз. Бірақ қалсаңыз, астарында шындық жасырылғанын түсінетін боласыз. Ал айдаһарды қалай жеңуге болатынын кейін айтармын. Өзім толық түсінетін заттар мені қызықтырмайды.»
Егер шығармаға анықтама берсек, ол күшін жоғалтады. Бірақ шығарманың өзі әзірге жоқ болғандықтан, сіз бен бізді неге дайындап жатқанымды айтып берейін. "Ertegi De Nuit" — сюжет емес, стиль жайлы: әр ән көне кітаптан бар ықыласпен айтылған дәйек сөздей естіледі.
Бұл тыңдарманды кезінде тарихта біз ғайып болған, шынайы өмір мен қиял арасындағы кеңестікке қайтару талпынысы. Қиялға жолды қайта ашып, қалай армандауды, түс көруді жаңадан еске салғым келеді.
«Сағым — мираж (франц. mirage — шағылысу, сағым) — көкжиекте нысанның (ғимараттың, талдың, т.б.) бір немесе бірнеше жалған бейнесі байқалатын оптикалық құбылыс»
Бұл жоба — өткені мен қалап тұрған болашағының арасында, шынайылық түс пен естеліктердің шекарасында ғайып болатын жерде қалып қалған адам жайлы.
Бұл альбомды тыңдаған кезде кейіпкер естеліктердің қайғысынан елестердің тәттілігіне дейін саяхаттайды. Осы екеуінің арасында шынайылық жоғалады. Және әр жолы, кез-келген әннен бастап, тыңдарман басы соңынан бөлінбейтін осы шеңберге қайта түседі.