20 МАМЫР, 19:30
РЕСПУБЛИКА САРАЙЫ
Batyr. Gül Almaty
арнау концерт
20 мамыр сағат 19: 30-да Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GUL ALMATY арнау концерті өтеді.

Өкінішке орай, ауа-райының қолайсыздығына және күтілетін бұршақ жауынына байланысты біз концерттің негізгі бөлігін Республика Сарайының көрермен залына ауыстыруға мәжбүрміз.


Қойылымдар жоспарланған бойынша 20 мамыр сағат 19:30-да өтеді. Көрермендерге екі аймақ қолжетімді болады: Республика Сарайының көрермен залы (Достық, 56) және Сарайға іргелес жатқан Абай атындағы алаң.

Республика Сарайының ішіндегі концертке тегін тіркеу https://m.ticketon.kz/event/batyr-gul-almaty сайтында қолжетімді.
Тіркелу барысында бір көрермен екі орынға дейін брондай алады.

Концерт көрем деушілерге Абай алаңындағы LED-экрандар арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ, концерттің көрермендері үшін алаңда тамақ пен сусындар бар фуд-тректер, отыратын орындар мен жаңбырдан қорғайтын шатырлар ұйымдастырылады.


Концертте күтетін боламыз! Концерт күні ауа райы жақсы болады деп үміттенеміз, дегенмен де өзіңізбен бірге жылы киімдер мен қолшатырлар алып жүруге кеңес береміз.


Концерт жайлы:
BATYR.GUL ALMATY арнау концерті – бұл Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Батырдың репертуарындағы әндер жаңаша шырқалатын болады. Аранжировкаларды жасауға әнші мұрасын қайта зерделейтін Шырын Базаркулова, Илья Башкатов, Галымжан Берекешев, Данияр Бержапраков, Адильжан Толукпаев және Сатжан Шаменов сынды талантты композиторлар тартылды. Олардың жұмысының нәтижесі – бұл үнемі тәжірибе жасап, вокалист, композитор және продюсер ретінде өзіне жаңа көкжиектер ашқан Батырға деген құрмет.
Әртістің сүйікті әндері Қанат Омаровтың, хордың, солисттердің және орындаушылардың, яғни Батырдың достары мен замандастары, сондай-ақ жас музыканттардың басқаруымен алғаш рет Мемлекеттік академиялық симфония оркестінің (ГАСО) орындауында шырқалатын болады.
Барлық ақпарат www.batyr.foundation сайтында, Қордың әлеуметтік желілерінде: Instagram және Facebook қол жетімді.

Республика Сарайы
Достык даңғылы 56,
Алматы 050000

Күні және мекен-жайы: 20 мамыр, 19:30, Республика сарайының көрермен залы.
Концертке тегін тіркелу: https://ticketon.kz/event/batyr-gul-almaty
Концерттің көрсетілімі: Абай алаңы, (Республика Сарайы, Достық даңғылы, 56)

Кез келген сұрақтар бойынша бізге хабарласыңыз:
hello@batyr.foundation