АЛМАТЫДА БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІҢ СИРЕК МҰРАҒАТТЫҚ ФОТОСУРЕТТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
Көрме әртістің туған күніне және музыкантты еске алуға арналған Batyr x KazakhYuvelir зергерлік бұйымдар топтамасының шығарылуына орайластырылған.
Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың ұжымы әртістің туған күніне орайластырып бірқатар іс-шара – Batyr x KazakhYuvelir зергерлік бұйымдар топтамасын және фотосуретші Николай Постниковтың көрмесін дайындады. 18 мамырда танымал әнші Батырхан Шөкенов 62 жасқа толар еді.
Atelier Cauchemar шеберханасында әйгілі фотосуретші Николай Постниковтың мұрағатында сақтаулы жатқан Батырхан Шөкеновтің сирек кадрлары назарға ұсынылады. “А’студио” тобы қалыптасқан және “Джулия” фильмі дүниеге келген кезеңде (1987 — 1991) Николай түсірген барлығы 36 ақ-қара түсті фотосурет көрмеге қойылады — оның 20-сы алғаш рет назарға ұсынылады. Жол жүрген және гастрольдік сапарлар кезінде жоғалған фотосуреттердің негативтерін «Қазақфильм» киностудиясының фотосуретшісі Рафат Бегишев мұқият сақтап, оны Илья Постников аналогтық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қалпына келтіріп, басып шығаруға дайындады.
Николай мен Батырдың достығы уақыт сынына төтеп берді – фотосуретші Батырдың шығармашылық өмірінде ұдайы оның қасында болды және ең маңызды сәттер – “Алматы-студио” тобы қалыптасқан, “Сағым дүние” бейнебаяны түсіріліген кезді және Алматыдағы Республика сарайындағы жеке концерттерін суретке түсіріп, шын мәнінде айрықша туындылар жасады.
Бұрын жарияланбаған сирек кадрларды автор осы көктемде кездейсоқ тауып, өңдеп, көрмеге дайындады. Көрме 17-30 мамыр аралығында (дүйсенбіден басқа күндері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Көрмеге келем деушілерге есік ашық.
Сонымен қатар әртістің жанкүйерлеріне Қордың және KazakhYuvelir зергерлік үйінің ұжымдары дайындаған зергерлік бұйымдардың шектеулі топтамасы ұсынылады. Әшекейді зергерлер Батырдың басты музыкалық аспабы – саксофонмен ұштастыра жасаған.
Алматы қаласы
локация: Гоголь көшесі, 40, 1-қабат
Atelier Cauchemar галереясы