«Біз Батырмен Мәскеудегі Симферополь бульварындағы бір үйде, бір кіреберісте көп жылдар бойы тұрдық. Батыр қалада болғанда, күнде көрісетінбіз, концерттерге, кездесулерге, студияларға, теледидар мен радио эфирлерге бірге баратынбыз. Ертерек қайтсақ, дәстүр бойынша кешке менің үйімде тамақтанып, сүт қосылған қазақ шайын ішетінбіз. Батырдың құшағында кенже ұлым Темір алғаш рет күлді. Сәбидің алғашқы күлкісін көп күттік, қобалжыдық, тек өнерлі Батыр ғана оны алғаш рет күлдіре алды! Батыр менің балаларыммен жиі ойнап, шынайы рахатқа бөленіп түрлі кейіпкерлерге айналатын. Балаларым онымен уақыт өткізгенді ұнататын. Біз он жыл бірге жұмыс істедік. Батыр ешқашан тоқтаған емес, мойымаған. Оның өмірі екі жартыдан тұратын сияқты: Қазақстан және Мәскеуден. Қазақстанда ол халық сүйген жұлдыз болды және ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ еді. Ал Мәскеуде «А’Студио»-дан кеткеннен кейін бәрін жаңадан бастауға тура келді. Теледидар мен радиодағы алғашқы эфирлерге, үлкен концерттер мен фестивальдерге шақыруларға қуанғанымыз есімде.
Шығармашылық үрдіс үздіксіз жүріп жатты – Батыр концерттер арасындағы барлық бос уақытын студияда өткізіп, жаңа ақындармен, композиторлармен, аранжирлеушілермен танысып, материал іздеп, ән жазды. Ол әртүрлі музыканың керемет көлемін тыңдады, жанрына қарамастан Мәскеудегі барлық маңызды концерттерге барды: джаз және классикалық концерттерге, Шаде немесе Оззи Осборнның концерттеріне. Ал егер достарымызға қонаққа барсақ, Батыр өзімен бірге саксофон алып, кенеттен қойылымдар ұйымдастыратын - ол әртүрлі музыканттармен ойнауды, импровизацияны, сынап көруді, тәжірибе жасауды ұнататын. Сәуірдің 28-і күні Батыр сәтті қатысқан «Один в один» телехикаясының түсірілімінің соңғы күні алдында Мосфильмде дайындалдық. Бұл тек дайындық болды, бірақ ол тырысты. Мен Батырға түсірілімге дейін өзіңді күтпейсің бе дедім. Сол күні ол Григорий Лепстің бейнесінде оның әнін орындады: «Я счастливый! Я не лгу! Так счастливым и уйду!» Бұл Батырдың соңғы айтқан әні еді. Бірнеше сағаттан кейін ол өмірден кетті..»