"А'Студио"
«Джулия» және онымен байланысты барлық нәрсе
Кейін бүкілодақтық «A'Студио» хитіне айналған «Джулия» әні жазылды. Дәл осы композицияның арқасында Алла Пугачева «Алмата» тобын байқап, оны Ән театрына жұмысқа шақырды. 1989 жыл «А’Студио» тобының әйгілі болған жылы болды. «А’Студио» тобы 2-17 желтоқсанда «Олимпийский» СК өткен «Рождественские встречи’90» фестивалінде алғаш рет өнер көрсетті.  Музыканттар «Джулия» және «Малыш» әндерін орындады. «А’Студио» 1994 жылға дейін Алла Пугачеваның Ән театрында жұмыс істеді.
Байғали Серкебаев:
«Бірде Батыр екеуіміз “Казахконцерттегі” дайындық бөлмесінде отырғанбыз.  Бұл аспаптармен толтырылған шағын бөлме болды - ол кезде аспап көп емес: сүйікті Yamaha DX7 синтезаторы, электронды барабандар, Casio ритм машинасы.  Отырдық, бірдеңе туралы сөйлестік және бір сәтте музыка ойнайық деп шештік.  Мен Casio-ға жақындап, бір битті соқтым - егер қазір болса, мен бит-мейкермін деп айтар едім - сол кезде кейін «Джулия» әніне айналған битті соқтым. Содан кейін мен Yamaha-да шумақ гармониясын ойнадым да рифте ойнай бастадым - хонер-клавинет үні бар әйгілі риф.  Батыр өлеңдетіп, әуен іздей бастады.  Біз драйв сезіндік.  Әннің суретінің өзі бізді қатты толқытты.  Диктофонды қосып, сол алғашқы сәттерді жазып алдық.  Ал келесі күні бәріміз репетицияға жиналғанда, жазбаны қайта тыңдадық.  Әнде бірдеңе жетіспейтін.  Мен параллель терция бар қайталанатын фразаны қосуды ұсындым, оған кейінірек “Джулия” сөздері түседі.  Жалпы, музыка дайын, бірақ ән сөздері болмағандықтан, онымен не істерімізді білмедік. Батыр екеуміз музыканы ойлап таптық, бірақ сөзін кейінірек шығардық. Демо-дискіге түсіру үшін Батыр мұның бәрін, біз “на птичьем языке” деп айтатындай, әуендеді.  Және сол жерде, “Джулия” сөзі жүретін шумақта ол virgin сөзіне ұқсас бірдеңені, псевдо-ағылшын сөздерінің жиынтығын әндетті.  Біраз уақыт өткен соң бізге ағылшынша сөйлейтін досымыз Тимур Тезекпаев келіп:  “Ол жерде не әндеттіңдер?  Сендер virgin сөзінің мағынасын білесіңдер ме?» деп сұрады. Біз әрине virgin-нің мағынасын білмедік.  Ол:  “Бұл пәк қыз!” дейді.  Бәріміз күлдік - не әндеткенімізді де білмеппіз.  Сөйтіп, бәрі ұмытылды, біз гастрольге шықтық, қонақүйде орналастық, келесі күні концерт қоямыз деп едік.  Бірақ бұл әнді қатты айтқымыз келді.  Біз бәріміз түнде бөлмеге жиналып, бір стақан шай үстінде, ән туралы болуы мүмкін деп ойлана бастадық.  Сонда осы “д” және “дж” әріптерінің бұл тіркесімі Володя Миклошичті итермелеп, ол “Джулия” нұсқасын ұсынды.  Virgin сөзінің орнына. Және ойлана бастадық - Джулия деген кім, Джулияның оған не қатысы бар, Джулиямен не байланысты болуы мүмкін.  Вова біраз уақытқа бөлмесіне кетіп, “Джулия” әнінің сөзі жазылған қағазбен оралды.  Таңертеңге дейін ол сөздерді қайта қайта түзетіп, сол күні кеште біз оны бірінші рет концертте орындадық - бұл әйелдер педагогикалық университеті болды ғой деймін.  Әннің бомба екенін бірден түсіндік.  Өйткені зал қол шапалаққа жарылды».
«Джулия» әнін орындаудың алғашқы түсірілімі – «Тамаша» бағдарламасы, 1989 ж.
Филипп Киркоров Қазақстаннан Алла Пугачеваға «Джулия» жазылған кассетаны және оған мейрамхана музыканттары бұл әнді қалай сыйлағаны туралы оқиғаны әкелді. Алла Борисовна жазбаның жоғары сапасына таң қалды: «Мына жігіттер мейрамханада жақсы ойнап, жақсы ән айтса, не деп саған ән сыйлайды? Олар өздері келіп, “Рождественские встречи” сахнасында ән айтсын. Владимир Пресняков Алма-Атаға дарындылардың қай мейрамханада ойнайтынын білу үшін барды. Мейрамхана болмағаны белгілі болды, ал топ Пресняковтың айтуынша, керемет. Жігіттер Мәскеуге қоныс аударып, дарын сезгіштігі үздік болған Пугачеваның қамқорлығымен жұмыс істей бастады.
Примадонна Батырмен жұмыс істегенін есіне алады:
«...ол кез  – мен үшін ол “А’Студио” тобында ән айтқан қасиетті уақыт. Сол орындалған әндердің барлығы және оның ерекше дауысы, сүйкімділігі, кәсібилігі. Және оның дарыны. Бұл тамаша жігіт!»
1989 жылдың 15 сәуірі Мәскеуге сапар
Байғали Серкебаев:
«Есімде, Володя Пресняков бізді тапқан соң, Батыр екеуміз Алла Борисовнамен танысу үшін Мәскеуге ұштық: екі ұшақ билетін алып, Тверскаяға келдік. Гүл сатып алып, лифтпен көтеріліп, есікке таяғанда, тоқтап қалдық. Біз қорқып кеткендіктен, бір-бірімізге қарап, бірнеше секунд сол жерде тұрдық. Сосын қоңырау соғып, жақындап келе жатқан аяқ дыбыстарын естідік. Неге екені белгісіз тіземіз дірілдеп кетті. Ал, кейін өте жылы сөйлескеніміз, әнімізді көрсеткеніміз есімде. Алла Борисовна сонда бізге былай деп айтқан: “Жігіттер, жарайды. Музыкаларың жақсы. Мен бірдеңе ойлап көрейін”. Кіреберістен шыққанда, бір-бірімізге үндемей, жүгіре жүгірдік, Брестскаяның бойымен екі-үш орам жүгірдік. Бір-бірімізге ештеңе айтпадық. Сосын тоқтап: “Біз не деп жүгірдік? Қайда жүгірдік?” деп бір-бірімізден сұрадық»
«Азия дауысында» өнер көрсету
Роман Райфельд:
«Мен жоғары сынып оқушысы ретінде «Азия дауысы» фестивалінде жұмыс істедім. Рокерлер - “Рондо”, “Бригада С” - Сукачев, Александр Иванов, Ольга Кормухина келгені есімде. Олардың барлығы танымал шыңында болды. Және, әрине, олардың арасында әдемі гауһар біздің “A'Студио”. Олар Мәскеуде, Пугачева Театрында бір немесе жыл өнер көрсеткен. Өте стильді. Зиялы. Олардың рокерлерге қарағанда тілі басқа болды - олардың барлығы басқа мәдени ортадан шыққан, отбасылары олай сөйлемейтін. Олардың музыкасы, мәтіндері әртүрлі, деңгейі басқа болды».
«Азия дауысы»
1990-2004 жылдар аралығында Алма-Атадағы Медеуде өткен жыл сайынғы халықаралық музыкалық байқау. Аймаққа жазғы таулармен қоршалған алып мұз айдыны алаңында ашылған жарқын және жомарт музыкалық оқиға сыйлады.
Кривой Рогтағы гастрольдер
Алла Пугачевамен Мадридтегі гастрольдік сапарда
АҚШ-тағы гастрольде
Жапониядағы музыка фестивалінде
90-жылдардың романтикалық символдарының біріне айналған «алыс күндердегі қызды» дәріптейтін «Джулия» («Русский диск») альбомы шықты
  1. Джулия
  2. Будь осторожна
  3. Был мой сон
  4. Скажи мне да
  5. Белая река
  6. Я не забыл
  7. Сезон дождей
Джулия
«Белая река», «Сезон дождей» және «Был мой сон» әндерінің сөзін ақын, композитор Еркеш Шәкеев (ол кезде «A'Студио» тобының тұрақты авторы болған), ал музыканы Байғали Серкебаев жазған және дәл осы ретпен: әуелі музыка, сосын әннің сөдері туды. Әрбір ән Серкебаевтың Шәкеевке айтқан жеке әңгімелерінен құралған. Мысалы, «Был мой сон» композициясы Серкебаевтың жары Раушанға арналған. Байғали Серкебаев бұл әнді өзі жазған ең жақсы ән деп санайды. «Был мой сон» әні көпшілікке аса белгілі емес, бірақ музыканттар – консерваторияларда, эстрада және джаз колледждерінде – оны орындауды ұнатады.
Три дня назад растаял летний дым,
Как лёгкий взмах твоей руки.
И я за ним бежал все эти дни, эти дни.
Три дня назад исчез мой сладкий сон,
Тепло твоих дрожащих губ.
Но прошлых дней назад мне не вернуть,
Не вернуть.

Припев:

Был мой сон – были мы вдвоём.
Верни мне вновь свой голос,
Нашу любовь.

Опять в окне восход чужой луны,
Холодный взгляд молчащих стен,
Напомнит мне, что здесь бывала ты В те дни.
Три дня назад была ты так грустна.
Твой выбор был из двух дорог.
И не простив меня, в тот день ушла навсегда.
Припев:

Был мой сон – были мы вдвоём.
Верни мне вновь свой голос,
Нашу любовь.

Был мой сон – были мы вдвоём.
Верни мне вновь свой голос,
Нашу любовь.


Три дня назад исчез мой сладкий сон,
Тепло твоих дрожащих губ.
Но прошлых дней назад мне не вернуть,
Не вернуть.

Не вернуть.
Ал танымал «Сезон дождей» әнімен мистикалық оқиға байланысты. Музыканттар оны айта бастағанда, әрдайым жаңбыр жауатын. Бірде, «А’Студио» Пугачева Театрының құрамында жұмыс істеген кезде, Алла Борисовна оны концертте ойнауды сұрады. Музыканттар жаңбырлы белгіні есіне алды, бірақ примадонна оған мән бермеді. Дегенмен, бұл жолы да жаңбыр жауды! «A'Studio» тобының негізгі композицияларының бірі «Белая река» әнімен топ бүгінгі күнге дейін шоу-концерттерін аяқтайды. Барлығы оны би хиті деп санайды, бірақ ол баяу ойналса, бұл өте қайғылы ән.
Роман Райфельд:
«90-жылдардағы “A'Студио” Алматыдағы гастрольдері. Олардың қай жерде – Опера және балет театрында, Студенттер сарайында немесе Спорт сарайында өнер көрсеткені маңызды емес – Алматы жұртшылығы оларды әрқашан жылы қабылдайтын. Бұл жылулық олардың жанды дауыстарын еске алатын ұрпақ әндерін шырқап жатқанда да орын алады».
«A'Студио» альбомы шықты  (Jeff Records). Сол жылы топтың қатысуымен «Джулия» музыкалық фильмі көрермен назарына ұсынылды. 
Фильм 1991 жылы төрт қалада, соның ішінде ол кезде дефиспен жазылған Алма-Ата қаласында да түсірілген.  Тамыз айындағы Одессадағы түсірілім кезінде КСРО-да төңкеріс болды, ал Лондонда түсірілім кезінде Кеңес Одағы ыдырады. 

«Джулия» фильмінің түсірілім алаңынан фотосурет 
Николай Постников, топ фотографы:
«Біз Ұлыбританияға КСРО-дан барып, мүлде басқа елге оралдық. Қаншама жыл өтті, бірақ мен үшін бәрі кеше ғана болғандай. Режиссеріміз фильмде ақ рояльді түсіруді қалағаны есімде, ол кезде Алма-Атыда ондай нәрсе болмаған, бар болса да, оны Қапшағайға апарып түсіруге ешкім рұқсат етпейтіні екіталай, сондықтан қоюшы суретшіміз арнайы фильм үшін қара рольді ақ түске бояды».
Фильмнің сюжеті мынадай: Батыр ойнаған жас музыкант сәнді топта өнер көрсетеді, бірақ басқа топ - концертіне байқаусызда келіп қалып, музыкасын ойынан шығара алмаған «А'Студионы» тобында ойнауды армандайды. Сонымен қатар, әдемі Джулияға (Ирина Ицкович) ғашық болу желісі де дамиды.  Нәтижесінде, әндегідей әнші сүйіктісімен ажырасып, бірақ «A’Студио» тобына қосылады.  Бір қызығы, фильмде алғашқы «A'Студио» қатысушылары – Батыр, Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич, Бағлан Садвакасов және Игорь Луцивтен басқа  – топпен Пугачеваның Ән театрында жұмыс істеген әншілер ойнады.  Олардың арасында Алла Борисовнаның өзі, кіші Владимир Пресняков, Анжелика Варум және Сергей Челобанов болды.  Фильмдегі барлық оқиғалар топ жұмысының алғашқы кезеңіне арналғанымен, ойдан шығарылған және «Джулия» әнінің мәтіні төңірегінде өрбиді.
Далер Назаров:
«Мен орталық теледидардан “A'Студио”-ның қойылымын алғаш көргенде топтың үйлесімділігі мен дәлдігіне тәнті болдым. Барлығы әдемі болды, музыканттар өздерінің шеберлігімен таң қалдырды. Олар қолтаңба дыбысының әлдебір сырын ашқандай болды. Жігіттер мұндай тамаша орындаудың КСРО-да бола алмайды деген стереотипті бұзғандай. Батыр орысша әндерді өте табиғи орындайтын, сөздердің түсініктілігін жоғалтпай, басқаша естілетін. Мен Батырды топтың соғып тұрған жүрегі, музыкаға және достарына деген үлкен махаббаттың жанды бейнесі ретінде көрдім. Ал мен барлығына Батырмен доспыз деп қуанып айтатынмын, мұны айтқандардың бәрі бірден оның досына айналды».
Владимир Пресняковмен
«Старко»
  1. Эти тёплые летние дни
  2. Незнакомка
  3. Солдат любви
  4. Серенада
  5. Осень
  6. Я не твой
  7. Птица свободы
  8. Элегия
  9. Стоп, ночь
  10. Остров надежды (with Алла Пугачёва, Сергей Челобанов & Владимир Пресняков)
Солдат любви
Байғали Серкебаев:
«Әрине, әрқайсымыздың өзіміздің музыкалық талғамымыз болды, әрқайсымыз түрлі музыкамен өстік. Мен The Beatles тобының музыкасын тыңдайтынмын. Және де Deep Purple сияқты рок-музыканы көп тыңдадым. Содан өміріме кейін джаз келді. Наджип те The Beatles тобын көп тыңдайтын. Содан кейін ол бізге Depeche Mode тобының бағытын жұқтырды.  Сонда new wave музыкасын ойнайтын кезең болды. Болат Сыздықов Дженис Джоплинді, Джимми Хендриксті қатты жақсы көретін. Батыр Стиви Уандерді қатты ұнататын. Оның сүйікті саксофоншысы Стиви Сэндер болатын. Володя Миклошич те The Beatles тобының музыкасын көп тыңдайтын, ал Бага Битлздің жанкүйері болды. Осындай үлкен музыкалық көкжиек, әртүрлі бағыт. Ал менің музыкалық жетекші ретіндегі міндетім -  соның барлығын бірге жинақтау. Және бәрімізге қызықты болатындай аранжировкаларды жазу болды. Сондықтан біздің музыка әртүрлі жанрларды біріктірді: фанк, джаз-рок, рок және кейбір классикалық элементтер, әрине, біз оларсыз музыка жаза алмас едік. Бізден қай бағытта ойнайтынымызды сұрағанда, біз қолайлы жауап таптық: “А’Студио” тобының стилінде». 
Владимир Миклошич, Бағлан Сәдуақасов және Батырхан Шүкенов 
  1. Увертюра (Live)
  2. Осторожна будь со мной
  3. Казино
  4. Сезон дождей
  5. Осень
  6. Был мой сон
  7. Незнакомка
  8. Я верю в тебя
  9. Корлан
  10. Не казни (with Мурат Насыров)
А'Студио Live
Сахнада Бағлан Сәдуақасовпен, Кишинев
«Нелюбимая» альбомы жазылды, оның негізгі әні еліміздің барлық радиолары мен теледидарларынан шырқалды.
  1. Девочка-танго
  2. Вчера
  3. Художник
  4. Освободи сердце моё
  5. Нелюбимая
  6. Корабли любви
  7. Летний ливень
  8. Южное солнце
  9. Потанцую со мной
  10. Джулия (Ремикс)
Нелюбимая
Лондондағы студияда
Владимир Миклошич:
«”Нелюбимая” альбомын біз Грег Уолшпен бірге жаздық. Сонда «ағылшынша жұмыс істеу» дегеннің не екенін түсіндік. Бұл түні бойы қыдырып, содан кейін таңғы сегізде тұрып, студияға «майланған» басымен жұмысқа баруды білдіреді». 
Владимир Миклошич:
“Грешная страсть” альбомын жазу үшін біз Грег Уолшты тек микширлеуге ғана емес, сонымен қатар тректерді жазуға шақырдық. Біз одан көп нәрсені үйрендік, ол да бізден үйренді. Қыс мезгілі есімде, Мәскеуде өте суық болды. Біз “ешкіні” – сымы тартылған жылыту құрылғысын әкелдік, ал Уолш Ұлыбританияда мұндайды ешқашан көрмеген және: “Бұл өте қауіпті болуы мүмкін ...” дейтін, кейін үйреніп, оның жанында жылынып отыратын». 
Альбом жазу, рояльда - Грег Уолш
Байғали Серкебаевпен студияда
  1. Снег в пустыне
  2. Лето в слезах
  3. В райском саду
  4. Грешная страсть
  5. Стань моей молитвой
  6. Ты и я
  7. Гавань моей любви
  8. Кот на крыше
  9. Мой друг
  10. Попурри
Грешная страсть
Әр жылдардағы «A'Студио» стилі
ӨЗ ТАРИХЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІҢІЗ